Сенбі, Қараша 23Веб-сайт для публикации новостей в Урджаре

Tag: Үржар

Үржарда алғашқы жалпыхалықтық сенбілік өтті

Аудан жаңалығы, Мәдениет
Үржар ауылында 2021 жылғы алғашқы жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылды. Аталмыш іс-шараға әкімдік аппаратының қызметкерлерімен қатар, ауданның барлық мекемелері тартылды. Бүгінгі күнгі сенбілікке жиналған аудан тұрғындары көктемнің саф ауасымен тыныстап, екі қолға күректерін, аша, тырмаларын алып, тазалау жұмыстарына белсенді түрде кірісіп кетті. Айталық, ауданның орталық көшелерімен, ауыл арасын жалғастыратын жолдар бойын, ауыл аумағын күзгі қалған жапырақтардан тазартып, күн жылына бой көтеретін жасыл  желектің шырайын жандандыра түсті. Үржарымыздың гүлденуіне бірге атсалысайық! - деген ұранмен аудан әкімі, ұлттық парк директоры, экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің мамандары қоршаған ортамызды таза ұстауға, сенбілік жұмыстарында белсенді болуға болуға шақырды. С
Комиссиясыз онлайн қаражат аудару

Комиссиясыз онлайн қаражат аудару

Аудан жаңалығы, Хабарлама
Қазіргі уақытта тез арада қажеттілікке байланысты онлайн қаражат аудару ыңғайлы болып келеді. Бірақ ауданымыздағы банктердің аударым кезінде ұстайтын комиссиясы "ыңғайсыздықты" тудырады. Әсіресе ол пайыз жіберген соманың 1 ден 3 пайызына дейін баратындары бар. Енді жақсы жаңалыққа келетін болсақ: Кез келген мемлекетіміздің екінші деңгейлі банктердің кредиттік карталарына аударымды "пайызсыз, комиссиясыз" жіберуге болатын тек бір банк бар. Ол Хоум кредит банк. Ислам сауда орталығында орналасқан. Тек өзіңізге кредиттік карта ашып, сол жерден терминал арқылы ақшаны салып, соңында онлайн режимде бағдарламасы арқылы жібере аласыз. Жақсы тәсіл. Назарларыңызға рахмет!!! Істе қолданасыздар деген ойдамын... Инстаграмда: instagram.com Твиттерде: twitter.com/aitimov_arnur/ Фейсбукта: face
Хабарландыру

Хабарландыру

Мәдениет, Хабарлама
Құрметті ауыл тұрғындары, сондай-ақ Чкалова, Челюскина, Ерзакович, Воронкова, Морозова, Первомайская, Мира, Титова көшелерінің тұрғындары, 2021 жылдың наурыз айының 29 күні сағат 10.00 де Чкалова, Челюскина, Ерзакович көшелерінің тұрғындарымен Чкалова және Сейфуллин көшелерінің қиылысында, сағат 15.00 де Воронкова көшелернің тұрғындарымен Воронкова және Сейфуллин көшелерінің қиылысында, 30 күні сағат 10.00 де Морозова, Первомайская, Мира көшелерінің тұрғындарымен Абылай хан данғылы мен Морозова көшелерінің қиылысында, сағат 15.00 де Титова көшелерінің тұрғындарымен Титова және Сейфуллин көшелерінің қиылысында жиналыс өтетінін хабарлаймыз. Күн тәртібінде қаралатын мәселе: Чкалова – Әз-Жәнібек хан Челюскина – Керей хан Ерзакович – Би Боранбай Воронкова – Д. Конаев Морозов
Жарамсыз деп танылсын

Жарамсыз деп танылсын

Аудан жаңалығы, Хабарлама
"Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы" Республикалық мемлекеттік мекемесінің мөрі жоғалғандықтан жарамсыз деп танылсын.
Сотқа келушілер үшін

Сотқа келушілер үшін

Билік
Азаматтар сотқа келген кезде күзет орнындағы мамандандырылған күзет қызметінің қызметкеріне жеке куәлігін, содан кейін шақыру қағазын (хабарламаны) көрсетеді немесе келу мақсатын хабарлайды, сондай-ақ арнайы құрал мен бақылау жүргізу үшін жасалынған техникалық жабдықтың көмегімен тексеруден өтеді. Қажет болған жағдайда жеке заттарына тексеру жүргізіледі. Келушілерді сот ғимаратына кіргізу жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30 аралығында жүргізіледі. Түскі асқа үзіліс уақыты – 13.00-ден 14.30 аралығында сот ғимаратына кіргізу тоқтатылады. СОТҚА КЕЛУШІЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ Сотқа келушілер: · процесуалдық және басқа да құжаттарды беру және алу үшін сот ғимаратына кіруге, сондай-ақ сот материалдарымен танысу мақсатында сот ғимаратында болуға; · қабырғаларға орналастырылған сот құжаттарын
Автокөлік несиесі арзандайды

Автокөлік несиесі арзандайды

Өмір
Ұлттық банк отандық жеңіл автокөлік өндірісінің өнімін сатып алушыларды несиелеу бағдарламасын жариялады. Елімізде 3,8 млн. көлік бар. Соңғы 10 жылда жеңіл автокөліктер паркі 49%-ға артқан. Алайда, автокөліктер қатары ескіріп барады. Өйткені, екінші деңгейлі банктердің жеке тұлғаларға автонесие беру портфелі 20,3 пайыз. Бұл – халық үшін тиімсіз.  Соған қарамастан, автокредиттердің жалпы үлесі 10,7%-ға артты. Былтыр екінші деңгейлі банктер 222,1 млрд теңгенің 92,5 мың автонесиесін берген. Енді болашақта отандық көлік аламын дегендерге Ұлттық банк мынадай жеңілдік береді. Берілетін ең жоғары несие көлемі 15 млн теңгеден аспауы керек. Несие жылдық пайыздық мөлшерлемесі 4 пайызбен 7 жылға дейін беріледі. «Бұл бағдарламаның жүзеге асуы агроөндіріс кешенімен байланыс
Кіші футболдан жарыс

Кіші футболдан жарыс

Sport
Құрметті Үржар ауданының тұрғандары! 28 сәуір күні келе жатқан қасиетті Рамазан айының құрметіне және Үржар аудандық мешіт командасының құрылғанына 5 жыл толуына орай кіші футболдан жарыс өтеді. Келіңіздер,көріңіздер, қатысыңыздар! https://www.instagram.com/p/Bwq9oOuAmmk/?utm_source=ig_share_sheet&igshid=ogay1la54yzw Кіші футболдан жарыс