Жұма, Сәуір 26Веб-сайт для публикации новостей в Урджаре

Үржарда алғашқы жалпыхалықтық сенбілік өтті

Үржар ауылында 2021 жылғы алғашқы жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылды. Аталмыш іс-шараға әкімдік аппаратының қызметкерлерімен қатар, ауданның барлық мекемелері тартылды.

Бүгінгі күнгі сенбілікке жиналған аудан тұрғындары көктемнің саф ауасымен тыныстап, екі қолға күректерін, аша, тырмаларын алып, тазалау жұмыстарына белсенді түрде кірісіп кетті. Айталық, ауданның орталық көшелерімен, ауыл арасын жалғастыратын жолдар бойын, ауыл аумағын күзгі қалған жапырақтардан тазартып, күн жылына бой көтеретін жасыл  желектің шырайын жандандыра түсті.

Үржарымыздың гүлденуіне бірге атсалысайық! – деген ұранмен аудан әкімі, ұлттық парк директоры, экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің мамандары қоршаған ортамызды таза ұстауға, сенбілік жұмыстарында белсенді болуға болуға шақырды.

Сенбілікке ұлттық парктің мемлекеттік инспекторлары, аппарат қызметкерлері,  мекеме техникалары жұмылдырылды. Экологиялық тазалық айлық аясында Үржар аумағын санитарлық тазарту, көшелер, тротуарлар мен аудан аулаларын ретке келтіру, ағаш отырғызу, сондай-ақ Үржар, Қатынсу, Еміл өзені арналарын қалдықтардан аршу, арықтардағы кәріз жүйесін тазалау, бұлақ көздерін ашу, дәстүрлі түрде жылда жүргізілетін  игі іс-шара «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің өткізетін Халықаралық «Парктер шеруі-2021» акциясында да өз жалғасын табатын болады.

Табиғатты әсем ету өз қолымызда екенін бағалай біліп, адамзат пен табиғат – егіз ұғым екендігін естен шығармайық. Ауданымызды таза, әрі әдемі етуге Сіздер де атсалысыңыздар!

Дереккөз: tarbagatai-park.kz сайты

Loading

Бөлісу: