Сенбі, Қазан 12Веб-сайт для публикации новостей в Урджаре

Үржар ауданының тарихы

Үржар ауданының құрылуы

            Үржарда жұмысшы солдат депуттарының кеңестері ең алғаш 1918 жылы құрылды. Алайда соңғы үш жыл қатарынан күреспен өтті. Кезекпе-кезек келіп, жаралы арыстандай аяусыз шабуыл жасаған ақ гвардияшылар кеңесті неше рет құлатып, жаңа үкімет оы неше рет қайта қалпына келтіріп, ақыры 1920 жылы Кеңес билігі біржола орнақты. Архив құжаттарына қарап отырсақ, сол жылдарда партия ұяларының жандана бастағанын көреміз. Сол жылы 5 маусымда болыстық комитет Түркістан коммунистік партиясы мүшелерінің жалпы жиналысын өткізіп, Үржар партия ұясын және оның саяси бюросын құрады. Оның құрамында Дудкин, Колтов, Долгополов, Матвиенко, Мысков сияықты 5 адам сайланады. 1921 жылы 26 маусымда Түркістан коммунистік партиясы Үржар болысының  конференциясы өтті. Конференцияға шешуші дауыспен 11 мүше, кеңесші дауыспен 5 мүше қатысты.

1925 жылы 30 қыркүйек республикалық коммунистік большевиктер партиясы Лепсі уездік комитетінің бюросында Үржар базалық ұясының хатшысы болып Завгородноев сайланды. 1926 жылы 8 наурызда Бүкілодақтық коммунистік большевиктер партиясы Үржар болыстық комитеті заңды түрде тіркелді. Болыстық комитет төрағасына Романенько, мүшелері болып Завгороденев, Мамыраев, кеңесші дауыспен Торин мен Темірбеков сайланады. Үржар болыстық комитет бюросының 1926 жылғы 17 мамырдағы отырысында бюро мүшелері арасында міндеттер бөлінді: үгіт-насихатты ұйымдастыру Петелинге, Аякөз болысымен жұмыс жүргізуге Қорғанбаевқа, Үржар болысының аударымен жұмыс жүргізу Мамыраевқа, Үржар болысының еуропалық тұрғындарымен жұмыс жүргізу Алексей Тарасовқа жүктеледі.

Үржар ауданын құру және Семей округіне қосу жөніндегі жұмыс 1928 жылғы мамырда басталды. Осы уақытқа дейін Бүкілодақтық Коммунистік большевиктер партиясы Семей округінің комитеті мен округтік атқару комитеті Үржарға өзінің өкілетті өкілі Шапаловты жіберді. Оның келуіне байланысты аудан құрудың маңызы туралы жұршылықтың алдында түсіндіру жұмысы жүргізіле бастайды. Алайда бұл жұмыс барлық жерде бірдей жүргізілген жоқ және әлсіз болды. Бұл мәселе тек 1928 жылы 29 шілдеде ғана екінші рет қайта көтерілді. Жұмысты енді өкілетті өкіл Плохотников жалғастырды.  Селолық советтер өкілдерінің съезінде декретпен Үржар ауданы бекітілді. Сол күннен бастап аудандық органдардың ұйымдарын құруға кірісті. Аудандық ұйымдастыру бюросының атқару комитеті мен Бүкілодақтық Коммунистік большевиктер партиясы аудандық бюросы құралды. Аудандық ұйымдастыру бюросының атқару комитетінің құрамында Романенко, Торин және Харин, аудандық ұйымдастыру бюросының құрамына Романенько, Темірбеков, Бессонов және Толмачев кірді. Жауапты хатщылық лауазымына Бессонов, кейін Харин ұсынылды. Үржардағы алғашқы партия ұйсының құрамында екі қазақтың Темірбеков, Мамыраевтың есімдері аталады. Алайда олардың кім болғаны, жергілікті тұрғын ба, жоғарыдан жіберілген бе? Кейінгі тағдыры не болды? Ұрпақтары бар ма? Ондай мәліметтер кездеспейді. Ел ішінде де естілмеді. Одан кейінгі жылдарда да бүкіл аудан тарихында бірінші басшысы орыс ұлтының өкілі болды. Қазақ өкілінен бірінші хатшы Бегалы Мадалиев тек 1936 жылы ғана тағайндалды. Ең соңғы бірінші хатшы Маймұрат Уәлиевтің қолына билік тигенде 1991 жылы коммунистік партия таратылды.

Сонымен, Үржар ауданы 1928 жылы 29 шілдеде құрылған. 2018 жылы аудан болғанына 90 жыл толды. Тура осындай жағдайда 1928 жылы қаңтар айында Лепсі уезінің құрамында құрылған Мақаншы ауданы, сол жылы 3 қыркүйекте Жетісу губерниясынан бөлінген Семей облысының құрамына кіреді. Қытай мемлекетімен шекаралас жатқан Маканшы ауданын құру ең алдымен Кеңес үкіметіне стратегиялық қолайлы аймақ болғандықтан таңдап алынды. 1920-1936 жылдар аралығында Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бөлініс бойынша жазылған анықтамада Мақаншы болысы Жетісу облысының Лепсі уезіне қараған. 1922 жылы Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитетінің 2 қазанындағы қаулысымен Жетісу облысының атауы Жетісу губерниясы болып өзгертілді. 1928 жылы 17 қаңтарда Лепсі уезі таратылып, оған қарасты болыстар Алматы және Семей округтерінің аудандары болып құрылады. Мақаншы болысы Мақаншы ауданы болып өзгертіліп, 3 қыркүйек 1928 жылы Семей округінің құрамын кіреді. 1930 жылы шілде айының 23 жұлдызындағы Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитетінің қаулысымен Семей округі таратылып, 17 желтоқсан 1930 жылы Мақаншы ауданы Үржар ауданы құрамына кіреді. 1935 жылы Мақаншы ауданы қайтадан құрылып, Алматы облысының құрамын кіреді. Бұл өзгеріс Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитетінің 31 қаңтар 1935 жылы қаулысымен бекітілген. Кеңес Социалистік Республикалар Одағы Жоғарғы Кеңесінің 14 қазан 1939 жылғы жарлығымен Мақаншы ауданы Алматы облысының құрамынан шығып қайта құрылған Семей облысының құрамына кіреді. 1963 жылы аудандарды ірілендіруге байланысты, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1963 жылғы 2 қаңтардағы Жарлығымен Мақаншы ауданы таратылып, Үржар ауданының құрамына кірген. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1969 жылғы 14 мамырдағы Жарлығымен Мақаншы ауданы қайта құрылды. Аудан орталығы Мақаншы ауылы болып бекітіледі. Бұдан әрі 28 жылдан кейін 1997 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Семей облысы және оның құрамындағы Мақаншы ауданы таратылып, Шығыс Қазақстан облысының құрамына қайта Үржар ауданына қосылады. Одан бір жыл  бұрын 1980 жылы құрылған Таскескен ауданы 27 жылдан кейін таратылып, барлық ауылдарымен Үржар ауданының құрамын кірген болатын.

1928 жылы аудандар құрылғаннан бері 91 жыл ішінде аудан тізгінін ұстаған басшылардың ішінде ел үшін туып, еліне қызмет еткен жандар аз болған жоқ. 1920 жылы Үржар ауданы бойынша болыстық комитетінің бірінші басшысы Колтов, одан кейін Мадалиев Бегалы 1938 жылға дейін аудан басшысы қызметін атқарды. Бұдан кейінгі уақыттарда бірінші басшылық қызметінде: Н.П.Чикин, И.З.Шетинин, Н.В. Лавриков, Н.Е. Морощов, В.Е. Бабичев, В.П. Панин, Б.П. Часных, Н.А.Редченко, И.Ю. Барычев, М.С. Уалиев, Д.М. Селиханов, М.Уалиев, Д.Селиханов, Б.Т. Жанақов, С.З. Зайнулдин басшылық қызметін атқарды.

Мақаншыда – А.Н. Белов, А.Семенов, П.А. Горбачев, Г.М.Рымаренко, А.Р. Ломтаев, Ж.Ысмағұлов, О.Арғынбеков, Т. Жирентаев. Аудан әкімдері: Д.Үйсімбаев, Ж.Жамантаев, К.Төлеубеков.

Таскескенде: М.Сапоров, Д.Сұлтанов, Т.Мүсәпірбеков басшылық қызметте болды. 1997 жылы аудан біріккеннен кейін Д.М.Селиханов қосылған үш ауданның әкімі болды.

Ауданда атқару комитетінің төрағалары болып осы жылдарда: Үржарда Мәтжанов Қадыр, Ж.Бұратаев, Б.Калиев, Т.Серкешов, О.Әсенов, К.Самаев, Ө.Шоқбатаров, О.Белеуханов, М.Закиров, Е.Күлшегішев, Д.Селиханов атқарушы биліктің басшылары болса, Мақаншы аудандық атқару комитетінің алғашқы төрағасы Темірбеков Нұрғали, содан кейінгілер Садықов Зәкір, А.П. Ларин, Ә.Тәтиев, Н.Уалиев, К.Толымғожинов, Т.Раев, Ю.Протасов, Евдаков, Т.Серікбаев, Г.Братишко, А.Паулукчу, Т.Жирентаев болды. Таскескенде Т.Әубәкіров қызмет атқарды.

Loading

Бөлісу: