Сейсенбі, Наурыз 19Веб-сайт для публикации новостей в Урджаре

Билік

Нұрлан Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымына тағайындалды

Нұрлан Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымына тағайындалды

Билік, Облыс жаңалығы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұрлан Телманұлы Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Тиісті Жарлыққа ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. «Нұрлан Телманұлы Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымына тағайындалсын» делінген Мемлекет басшысының Жарлығында. Нұрлан Уранхаев 1965 жылы 4 мамырда Семей қаласында дүниеге келген. 1987 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын инженер-механик, 2001 жылы Қазақ қаржы-экономикалық институтын экономист-менеджер, 2006 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін инженер-құрылысшы мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1987 жылы слесарь-монтажшы болып бастады. Бұдан кейінгі жылдарда ол Семей қаласының «Казпромтехмонтаж» тресінде мастер, прораб бол
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Билік, Қазақстан жаңалықтары
«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» Қымбатты отандастар! Қадірлі қауым! Бүгінгі Жолдаудың мән-маңызы  айрықша. Оның арқалайтын жүгі бір жылмен шектелмейді, ауқымы кең, мазмұны да  бөлек. Біз  алдымызға  биік мақсаттар қойып отырмыз. Өздеріңізбен бірге Жаңа Қазақстанды құруға кірістік. Баршаңызға мәлім, былтыр  егемендіктің маңызды белесіне жеттік. Тарихи өлшеммен қарағанда  30 жыл  тым көп уақыт емес. Халқымыз  Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен осы кезеңде ауқымды жұмыс атқарды, көптеген табыстарға қол жеткізді. Алайда, береке-бірлігімізді сақтамасақ, жетістіктеріміздің бәрінен айырылып қалуымыз мүмкін. Қаңтардағы дүрбелең кезінде бұған көзіміз анық жетті. Бұл оқиғалар бүкіл қоғамды дүр сілкіндірді. Халқымыз бұрын-соңды болмаған қауіп-қатермен б
ШҚО-да полицияға қару тапсырған тұрғындар 10 млн теңгеге жуық сыйақы алды

ШҚО-да полицияға қару тапсырған тұрғындар 10 млн теңгеге жуық сыйақы алды

Аудан жаңалығы, Билік
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында халықтан атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу бойынша республикалық акция жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша акция барысында халықтан 9,7 млн теңге сомасында 153 қару алынған. Оның ішінде 25 ойық және 128 тегіс ұңғылы атыс қаруы бар. Мәселен, жуықта Үржар аудандық полиция бөліміне 51 жастағы ер адам жүгініп, екі аңшылық қаруын өз еркімен тапсырды. Оның айтуынша, аталған қарулар 2018 жылы қайтыс болған әкесінен қалған. Қазіргі уақытта сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. «Халықтан заңсыз сақталған атыс қаруы мен оқ-дәрілерді сатып алу жөніндегі комиссия құрамы азаматқа екі қару үшін 120 000 теңгеден астам қаражат төлейді.
Сотқа келушілер үшін

Сотқа келушілер үшін

Билік
Азаматтар сотқа келген кезде күзет орнындағы мамандандырылған күзет қызметінің қызметкеріне жеке куәлігін, содан кейін шақыру қағазын (хабарламаны) көрсетеді немесе келу мақсатын хабарлайды, сондай-ақ арнайы құрал мен бақылау жүргізу үшін жасалынған техникалық жабдықтың көмегімен тексеруден өтеді. Қажет болған жағдайда жеке заттарына тексеру жүргізіледі. Келушілерді сот ғимаратына кіргізу жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30 аралығында жүргізіледі. Түскі асқа үзіліс уақыты – 13.00-ден 14.30 аралығында сот ғимаратына кіргізу тоқтатылады. СОТҚА КЕЛУШІЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ Сотқа келушілер: · процесуалдық және басқа да құжаттарды беру және алу үшін сот ғимаратына кіруге, сондай-ақ сот материалдарымен танысу мақсатында сот ғимаратында болуға; · қабырғаларға орналастырылған сот құжаттарын
Рухани​ құндылықтар-қоғам бірлігінің негізі» атты аудандық мешітіне қарасты ауыл имамдары арасында жатқа оқу​ байқауы болды

Рухани​ құндылықтар-қоғам бірлігінің негізі» атты аудандық мешітіне қарасты ауыл имамдары арасында жатқа оқу​ байқауы болды

Билік
Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Рухани​ құндылықтар-қоғам бірлігінің негізі» атты ІІІ Республикалық​ имамдар форумында қабылданған үш құжатты Үржар аудандық мешітіне қарасты ауыл имамдары арасында жатқа оқу​ байқайуы болып өтті. Бас имам Нұрзат Қасымұлы қабылданаған құжаттардың әр бөліміне жеке-жеке тоқталып, жіті түсіндіріп, ауыл имамдарына мешіт жамағатына жеткізуді тапсырды. Дереккөз: Үржар аудандық мешітінің баспасөз қызметі
Нұр-Сұлтан қаласына жаңа әкім тағайындалды

Нұр-Сұлтан қаласына жаңа әкім тағайындалды

Билік
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі ауысты. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болып тағайындалды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  Бұл туралы Ақорда өз сайтында жариялаған болатын.  Алтай Седірұлы Көлгінов (15 қаңтар 1977 жыл, Түркістан қаласы, Қазақстан) - Қазақстан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткері, Батыс Қазақстан облысының экс-әкімі.  Көлгіновтың қызмет жолымен таныс бола отырыңыз: 2001 - Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы бас маман. 2002 - 2003 жылдары - Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы құқықтық статистика комитетінің басқарма прокуроры. 2003 - 2007 жылдары -&nbs
Сұлтанов, Байбек, Әбдірахымовтар енді әкім емес. Әкім болмаса, кім?

Сұлтанов, Байбек, Әбдірахымовтар енді әкім емес. Әкім болмаса, кім?

Билік
Әкімнің қызметін атқарушы. Бұл - аты аталған шенділердің алдағы уақыттағы ресми лауазымы. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент шаһарларының әкімдері туралы жарлық жария болды. Ант қабылдап, қызметіне кіріскен президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімі өте салысымен бірқатар әкімдердің қызметіне қатысты жарлыққа қол қойды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Тengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. "ҚР Конституциясының 87-бабының 5-тармағына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдерінің өкілеттілік мерзімі аяқталуына байланысты жаңа қаулыны бекітемін: 1. Аталған қалалардың әкімдері жаңа басшы сайланғанша өз қызметтерін атқарсын. 2. Аталған жарлық қол қойылған уақыттан бастап күшіне енеді", - делінген ресми хабарламада. ҚР Конституциясының 87-бабының 5
Фейсбукте «свежий» әкімдер жарысып жүр

Фейсбукте «свежий» әкімдер жарысып жүр

Билік, Облыс жаңалығы
Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ өңір, аудан әкімдеріне әлеуметтік желіден өз парақшаларын ашуды тапсырғаны Аякөз және Тарбағатай ауданының жаңадан тағайындалған әкімдері үшін таптырмас тамаша мүмкіндік болды. Іске кіріскендеріне бірер апта енді ғана болған қос әкім – Ділдәбек ОРАЗБАЕВ (Аякөз ауданының әкімі) пен Серікқазы СӘДУАҚАСОВ (Тарбағатай ауданының әкімі) «Фейсбук» әлеуметтік желісі арқылы ел ішін аралап, кімді көріп, не тындырып жатқандарын күн сайын көрсетіп-ақ жатыр. Әрине, халыққа жақын болу үшін барған жердің жұртымен бетпе-бет кездесіп, мұң-мұқтажын тыңдап, мәселесін шешу – қай әкімнің де басты міндеті. Дегенмен, бұл екі әкімнің «бұрыннан отырған» басқа басшылардан айырмашылығы да баршылық, өзара бәсекелестікке баруға себептері де жоқ емес. Мәселен, Аякөз ауданына облыс әк