Жұма, Сәуір 19Веб-сайт для публикации новостей в Урджаре

Tag: Үржар

Абай облысының құрамына 8 аудан және 2 қала еніп отыр

Абай облысының құрамына 8 аудан және 2 қала еніп отыр

Облыс жаңалығы
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Жаңадан құрылған Абай облысының құрамына 8 аудан және 2 қала еніп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бүгіннен бастап Семей аймағында Абай облысы құрылды. Шығыс Қазақстан облысынан бөлініп шыққан жаңа өңірдің аумағы 185,5 мың шаршы метрді құрайды. Құрамына 8 аудан және 2 қала енді. Атап айтқанда, Семей, Курчатов қалалары, Абай, Аягөз, Ақсуат, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті, Үржар аудандары. Абай облысындағы халық саны – 638,3 мың. Яғни, Шығыс Қазақстан жұртшылығының 47 пайызы жаңа аймақтың тұрғындарына айналып отыр. Ал ШҚО аумағы 97,8 мың шаршы метр болды. Территориялық бөліністерге сәйкес, оның құрамында 9 аудан және 2 қала қалды. Олар Өскемен, Риддер қалалары, Глубокое, Зайсан, Катонқарағай, Күршім, Самар, Тарбағатай, Ұлан, Шемонаиха, Алтай ауданда
Үржар ауданындағы ОРАЗА ЖӘНЕ НАМАЗ КЕСТЕСІ – 2022

Үржар ауданындағы ОРАЗА ЖӘНЕ НАМАЗ КЕСТЕСІ – 2022

Аудан жаңалығы, Мәдениет, Өмір
Назарларыңызға ауданымыздың 2022 жылғы Рамазан айындағы ораза және намаз кестесін ұсынамыз! Биылғы пітір садақа мөлшері – 500 теңге болып бекітілді. Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен ораза айт намазына дейін беруге болады.
ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР! КОНЦЕРТ

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР! КОНЦЕРТ

Аудан жаңалығы, Мәдениет
СІЗДЕРДІ ҚАЗАҚТЫҢ БҰЛБҰЛ ҮНДІ ӘНШІСІ РОЗА БАҒЛАНОВАНЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН "АЙНАЛДЫМ, АҚ МАҢДАЙЛЫМ" АТТЫ КОНЦЕРТТІ ТАМАШАЛАУҒА ШАҚЫРАМЫЗ! Өтетін жері: Үржар аудандық мәдениет үйі Өтетін уақыты: 4 наурыз, сағат 16-00 де Кіру тегін.
E-Өтініш сайтының мекемеге арналған телеграм боты

E-Өтініш сайтының мекемеге арналған телеграм боты

Аудан жаңалығы, Жарнама
Е-Өтініш (Е-обращение) сайттары – өтініш жазатын және  жауап беретін сайт. Түрлері: Өтініш беретін сайты – eotinish.kz Өтінішке жауап беретін – мекемелерге арналған – eotinish.gov.kz Өтініштерге жауап беретін сайтқа мекемеде істейтін адамдардың жұмысын жеңілдету үшін телеграм бот жасадық. Сілтемесі: @eotinishgovkzbot Бот мүмкіндіктері: Мекемеге жаңадан келген өтініштер туралы ақпаратты керекті адамға хабарлама жібереді. Дәрежесі тіркелген, жұмыстағы  өтініштердің орындалу мерзімін бақылауда ұстайды. Жауап беруге мерзімі жақындаған өтініштер тізімін мекемедегі тіркеуші рөлі бар адамға суретте, ексель файлда, электронды пошта, телеграм арқылы хабарлап отырады. Барлық дәрежедегі өтініштер санын шығарып, есептерін жасай алады.   Толық ақпаратты жаңадан ашылғ
Үржардағы телеграм боттар

Үржардағы телеграм боттар

Аудан жаңалығы, Жарнама
Үржарда Бизнеске керек құрал телеграм боттар жасаймыз. Біздің телеграм аккаунт: @tech_urjar Е-Өтініш (Е-Обращение) деген жүйеден мекемелерге түсетін өтініштерді сараптап, бақылап отыратын телеграм бот жасалды. Боттың сілтемесі: @eotinishgovkzbot Телеграм ботты қолдану бойынша келесі веб-сайттан толығырақ біле аласыз. Сілтемесі: bot.urjar.kz Және осы бағыттан тайынбай Үржар тұрғындарына керек телеграм құралында жасауды бастадық. Ол бот сілтемесі міне: @urdzharbot ‼️ Үржар ауданындағы адамдарға арналған телеграм бот. Төмендегі мәзір арқылы ақпараттар ала аласыздар. 1. Валюта бағамы - Үржардағы банктердегі валюта ақпаратын шығарады. 2. Пошта жөнелтілімдерін табу - кез-келген Қазақстан бойынша жөнелтілімдер туралы ақпарат береді 3. Бөлісу - өзіңіздің телефо
Бизнеске телеграм бот жасаймыз

Бизнеске телеграм бот жасаймыз

Аудан жаңалығы, Жарнама
Үржарда Бизнеске керек құрал телеграм боттар жасаймыз. Біздің телеграм аккаунт: @tech_urjar Е-Өтініш (Е-Обращение) деген жүйеден мекемелерге түсетін өтініштерді сараптап, бақылап отыратын телеграм бот жасалды. Боттың сілтемесі: @eotinishgovkzbot

Алакөлдің шығыс жағалауындағы кәсіпкерге оңай тиіп тұрған жоқ

Аудан жаңалығы, Мәдениет
Биыл Алакөлдің шығыс жағалауындағы кәсіпкерлерге оңай тиіп тұрған жоқ. Туристер ағылатын Алматы-Өскемен тас жолының құрылысы әлі бітпеді. Үржардағы әуежай да жөндеуге жабылған. Қуанарлығы, кәсіпкерлердің өтініші бойынша көлге келушілерден ПТР сынама талап етілмейді. Оның орнына «Ашық» жобасы ұсынылды. Әзірге 347 нысанның 30 шақтысы қосымшаға тіркелген. Болат Көкенайұлы, тілші: - Ежелден дертке шипа, емге қуат Алакөл жөнінде ел арасында аңыз көп. Дарабоз Қабанбай батырдың өзі мыңдаған жаралы жауынгерлерін осында әкеліп емдеп, жазған дейді. Ал бүгінде қауіпті індет өршіп тұрған кезде шипалы көлдің қадір-қасиетін одан әрі түсінген сияқтымыз. Былтыр тек пандемия кезінде туристер саны 2 есе азайып кетіпті. Дегенмен, кәсіпкерлер биылғы маусымнан зор үміт күтіп отыр. Қазір Ал
ШҚО-да полицияға қару тапсырған тұрғындар 10 млн теңгеге жуық сыйақы алды

ШҚО-да полицияға қару тапсырған тұрғындар 10 млн теңгеге жуық сыйақы алды

Аудан жаңалығы, Билік
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында халықтан атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу бойынша республикалық акция жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша акция барысында халықтан 9,7 млн теңге сомасында 153 қару алынған. Оның ішінде 25 ойық және 128 тегіс ұңғылы атыс қаруы бар. Мәселен, жуықта Үржар аудандық полиция бөліміне 51 жастағы ер адам жүгініп, екі аңшылық қаруын өз еркімен тапсырды. Оның айтуынша, аталған қарулар 2018 жылы қайтыс болған әкесінен қалған. Қазіргі уақытта сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. «Халықтан заңсыз сақталған атыс қаруы мен оқ-дәрілерді сатып алу жөніндегі комиссия құрамы азаматқа екі қару үшін 120 000 теңгеден астам қаражат төлейді.
Өскеменге бір ай бойы ұшақ қатынамайды

Өскеменге бір ай бойы ұшақ қатынамайды

Аудан жаңалығы, Облыс жаңалығы
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат. Өскемен қаласында әуе қатынасы бір айға тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Өскемен әуежайы» АҚ мәліметіне сүйенсек, 1 мамырдан 31 тамызға дейінгі аралықта әуежайдың жасанды ұшу жолағында жұмыстар жүргізу жоспарланған. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында қарастырылған. Осыған байланысты 1 айға авиақатынас тоқтатылады. Барлық рейстер уақытша Семей қаласына ауыстырылады. «Ал 2021 жылғы 1 маусым мен 31 тамыз аралығында АН-24 әуе кемелерімен топырақты ұшып-қону жолағынан Нұр-Сұлтан, Алматы, Семей, Зайсан қалалары мен Үржар ауданына рейстерді орындау жоспарланып отыр», - делінген хабарламада. Дереккөз: inform.kz