Сейсенбі, Мамыр 7Веб-сайт для публикации новостей в Урджаре

Author: urjar.kz

Мен, Айтымов Арнұр Тұрсынғалиұлы - URJAR.KZ және REMONT.URJAR.KZ - Үржар веб-сайттарының әкімгерімін. Менің телефон нөмерім: 8(776)4413838 Телеграмдағы арнам бар: Арнұр АЙТЫМОВ арнасы Аудан бойынша жарнама, жаңалықтарға арнап ашылған сайттарды жүргіземін. Өмірді жеңілдететін технологиялар мен әдіс-амалдар арқылы аудандағы адамдар деңгейін көтергім келеді. Өтінішім бар, менің әлеуметтік желідегі парақшаларыма кіруді ұмытпаңыз.
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Үржар ауданына келеді

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Үржар ауданына келеді

Аудан жаңалығы
2022 жылғы 23 шілде күні Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев жергілікті халықпен кездесу мақсатында Үржар ауданына жұмыс сапарымен барады деп күтілуде. Сапар барысында бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, түрлі мәселелер бойынша аудан тұрғындарымен кездеседі.
Үржарда АИ-92 маркалы жанармай тапшы

Үржарда АИ-92 маркалы жанармай тапшы

Аудан жаңалығы, Хабарлама
‼️ ⛽️ Үржарда АИ-92 маркалы жанармай тапшы. Кешеден бері, яғни 18 шылде 2022ж бастап, Үржарда АИ-92 маркалы жанармай қоры азайғандықтан, ірі жанармай құю станциялары тек талонмен жіберуді ұйғарды. Ал АИ-95 маркалы жанармайды ешқандай кедергісіз ала аласыз. Сондықтан, байқаңыздар.
«Меломен» тобының ән кеші

«Меломен» тобының ән кеші

Мәдениет
ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР! Бүгінгі таңда әдемі де әуезді әндерімен өнерсүйер қауымның сүйіктісіне айналған еліміздің танымал "Меломен" тобы Үржар ауданына 9-12 шілде аралығында концерттік сапармен келеді. "Меломен" тобының құрамында әнші Қайрат Мырзаханов-жерлесіміз, Келдімұрат ауылының тумасы. Баршаңызды "Меломен" тобының концертін тамашалауға шақырамыз. 11 шілде - ҮРЖАР АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ БАСТАЛУ УАҚЫТЫ: сағат 20-00 Билет бағасы: 1500 тг Билет Үржар аудандық мәдениет үйінің кассасында сатылады. Жауапты: Алмагүл +77782468467
Нұрлан Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымына тағайындалды

Нұрлан Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымына тағайындалды

Билік, Облыс жаңалығы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұрлан Телманұлы Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Тиісті Жарлыққа ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. «Нұрлан Телманұлы Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымына тағайындалсын» делінген Мемлекет басшысының Жарлығында. Нұрлан Уранхаев 1965 жылы 4 мамырда Семей қаласында дүниеге келген. 1987 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын инженер-механик, 2001 жылы Қазақ қаржы-экономикалық институтын экономист-менеджер, 2006 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін инженер-құрылысшы мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1987 жылы слесарь-монтажшы болып бастады. Бұдан кейінгі жылдарда ол Семей қаласының «Казпромтехмонтаж» тресінде мастер, прораб бол
Абай облысының құрамына 8 аудан және 2 қала еніп отыр

Абай облысының құрамына 8 аудан және 2 қала еніп отыр

Облыс жаңалығы
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Жаңадан құрылған Абай облысының құрамына 8 аудан және 2 қала еніп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бүгіннен бастап Семей аймағында Абай облысы құрылды. Шығыс Қазақстан облысынан бөлініп шыққан жаңа өңірдің аумағы 185,5 мың шаршы метрді құрайды. Құрамына 8 аудан және 2 қала енді. Атап айтқанда, Семей, Курчатов қалалары, Абай, Аягөз, Ақсуат, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті, Үржар аудандары. Абай облысындағы халық саны – 638,3 мың. Яғни, Шығыс Қазақстан жұртшылығының 47 пайызы жаңа аймақтың тұрғындарына айналып отыр. Ал ШҚО аумағы 97,8 мың шаршы метр болды. Территориялық бөліністерге сәйкес, оның құрамында 9 аудан және 2 қала қалды. Олар Өскемен, Риддер қалалары, Глубокое, Зайсан, Катонқарағай, Күршім, Самар, Тарбағатай, Ұлан, Шемонаиха, Алтай ауданда
Үржар ауданындағы ОРАЗА ЖӘНЕ НАМАЗ КЕСТЕСІ – 2022

Үржар ауданындағы ОРАЗА ЖӘНЕ НАМАЗ КЕСТЕСІ – 2022

Аудан жаңалығы, Мәдениет, Өмір
Назарларыңызға ауданымыздың 2022 жылғы Рамазан айындағы ораза және намаз кестесін ұсынамыз! Биылғы пітір садақа мөлшері – 500 теңге болып бекітілді. Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен ораза айт намазына дейін беруге болады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Билік, Қазақстан жаңалықтары
«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» Қымбатты отандастар! Қадірлі қауым! Бүгінгі Жолдаудың мән-маңызы  айрықша. Оның арқалайтын жүгі бір жылмен шектелмейді, ауқымы кең, мазмұны да  бөлек. Біз  алдымызға  биік мақсаттар қойып отырмыз. Өздеріңізбен бірге Жаңа Қазақстанды құруға кірістік. Баршаңызға мәлім, былтыр  егемендіктің маңызды белесіне жеттік. Тарихи өлшеммен қарағанда  30 жыл  тым көп уақыт емес. Халқымыз  Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен осы кезеңде ауқымды жұмыс атқарды, көптеген табыстарға қол жеткізді. Алайда, береке-бірлігімізді сақтамасақ, жетістіктеріміздің бәрінен айырылып қалуымыз мүмкін. Қаңтардағы дүрбелең кезінде бұған көзіміз анық жетті. Бұл оқиғалар бүкіл қоғамды дүр сілкіндірді. Халқымыз бұрын-соңды болмаған қауіп-қатермен б
ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР! КОНЦЕРТ

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР! КОНЦЕРТ

Аудан жаңалығы, Мәдениет
СІЗДЕРДІ ҚАЗАҚТЫҢ БҰЛБҰЛ ҮНДІ ӘНШІСІ РОЗА БАҒЛАНОВАНЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН "АЙНАЛДЫМ, АҚ МАҢДАЙЛЫМ" АТТЫ КОНЦЕРТТІ ТАМАШАЛАУҒА ШАҚЫРАМЫЗ! Өтетін жері: Үржар аудандық мәдениет үйі Өтетін уақыты: 4 наурыз, сағат 16-00 де Кіру тегін.
Президент Тоқаев жаңа премьер-министрдің кандидатурасын ұсынады

Президент Тоқаев жаңа премьер-министрдің кандидатурасын ұсынады

Сайт жаңалықтары
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент мәжілісінің отырысына қатысып, жаңа премьер-министрдің кандидатурасын ұсынады, деп хабарлайды Zakon.kz. Бұл туралы Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады. Бүгін сағат 11.15-те мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейнебайланыс арқылы Парламент мәжілісінің отырысына қатысып, еліміздің жаңа премьер-министрінің кандидатурасын ұсынатын болады. Сондай-ақ Президент саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу бойынша ауқымды баяндама жасайды Берік Уәли Жиынды "Хабар24" арнасы тікелей эфирде көрсетеді.