Жұма, Сәуір 26Веб-сайт для публикации новостей в Урджаре

Author: urjar.kz

Мен, Айтымов Арнұр Тұрсынғалиұлы - URJAR.KZ және REMONT.URJAR.KZ - Үржар веб-сайттарының әкімгерімін. Менің телефон нөмерім: 8(776)4413838 Телеграмдағы арнам бар: Арнұр АЙТЫМОВ арнасы Аудан бойынша жарнама, жаңалықтарға арнап ашылған сайттарды жүргіземін. Өмірді жеңілдететін технологиялар мен әдіс-амалдар арқылы аудандағы адамдар деңгейін көтергім келеді. Өтінішім бар, менің әлеуметтік желідегі парақшаларыма кіруді ұмытпаңыз.
Үржар ауданы тұрғындарының, мекеме басшыларының, кәсіпкерлер мен шаруашылық жетекшілерінің назарына!

Үржар ауданы тұрғындарының, мекеме басшыларының, кәсіпкерлер мен шаруашылық жетекшілерінің назарына!

Хабарлама
Апат айтып келмейді. 2023 жылдың 23 қаңтар күні ауданымыздың Алтыншоқы ауылында екі бірдей отбасының баспаналары өртке оранып, үйлері түгелдей жанып кетті. Қыстың көзі қырауда далада қалған отбасыларына жан-жақты көмек көрсету жұмыстары басталып, ауыл тұрғындары тарапынан арнайы есеп шоты ашылды.Халқымызда «Қайырымдылық – адамгершілік белгісі» деген, қанатты сөз бар. Ендеше, барша аудан халқы жұдырықтай жұмылып, береке – бірлігімізді көрсетіп, осынау сауабы мол қайырымдылық іске үлес қосуға шақырамыз!!!Төменде ауыл тұрғындарының бастамасымен ашылған Каспи голд есеп-шотын ұсынамыз! 87015690382 Айнур С. (Айнур Сарымсакова - ауыл тұрғыны, әйелдер Кеңесінің мүшесі)
Шетелдік автокөліктерді заңдастыру қағидалары

Шетелдік автокөліктерді заңдастыру қағидалары

Қазақстан жаңалықтары, Хабарлама
Қазақстанға 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыру 23 қаңтарда басталады.  Шетелдік автокөліктерді заңдастыру кезеңдерін тез әрі дұрыс өту жолдары келесі нұсқаулықта көрсетіледі: 1. Ең алдымен, сіз eGov.kz порталы арқылы деректерді тексеруге өтініш беруіңіз керек. Дербес компьютерге қол жеткізе алмайтын автокөлік иелері, еліміздің кез келген ХҚКО-ларында өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы өтініш бере алады. ЕДБ қосымшаларында (Kaspi, HomeBank) бұл қызметті алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Автокөліктің тіркеу деректері қатесіз толтырылуы қажет. 2. Өтінімді Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі қарайды. Егер сіздің жеке кабинетіңізге өтініштен бас тарту жөнінде хабарлама келген жағдайда, МХҚО-ға барудың қажеті жоқ. Бас тарту себеп
«ҮКІЛІ ҮРЖАР – ӘН, ЖЫРЫМ» мерекелік концерт

«ҮКІЛІ ҮРЖАР – ӘН, ЖЫРЫМ» мерекелік концерт

Мәдениет, Хабарлама
ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР! Үржар ауданының 95 жылдығы аясында ұйымдастырылған"ҮКІЛІ ҮРЖАР - ӘН, ЖЫРЫМ"атты мерекелік концертті тамашалауға шақырамыз!Бағдарламада ауданымыздың өнерпаздарының орындауындаҮржар туралы әндерді тыңдайсыздар.КЕЛІҢІЗДЕР! КӨРІҢІЗДЕР! өтетін орны: ҮРЖАР АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІбасталу уақыты: 17 ҚАҢТАР, 2023 жылСАҒАТ 16-00 де
Үржар ауданының тұрғындарының назарына!!!

Үржар ауданының тұрғындарының назарына!!!

Хабарлама
Үржар ауданының электр желілерінің Біріккен энергосервистік компаниясы акционерлік қоғамы , электр желілері жабдықтарын тексеру нәтижелері бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындағанын жеткізеді. 11.01.2023 ж сағат 12:00-16:00 аралығында Үржар ауданының осы тізімдегі мекемелердің аумағы бойынша жарық болмайды!!! Аудандық полиция; Мәдениет үйі; Әуежай; ГЦВП; Уржар-Плаза сауда үйі; Үржар аудандық әкімшілігі; ОКҚ,; Тамаша,Нияз, Төрлет,Диянур,Зияда дүкендері; Мұражай; Ыстық нан; І.Жансүгіров атындағы орта мектеп; Атамекен мейрамханасы; Тұмар наубайханасы; Жер бөлімі; білім бөлімі; Прокуратура; Халық банк; Аудандық сот және аумақта орналасқан жеке меншік үйлерде. Түсіністік танытуларыңызды сұраймыз!
ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Мәдениет, Ойын-сауық
ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!З1 ЖЕЛТОҚСАН КҮНІ,🎄 сағат 20-00 де🎄ҮРЖАР АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ 🎄"ҚОШ КЕЛДІҢ, ЖАҢА ЖЫЛ!" АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ БОЛАДЫ.🎄🎄Баршаңызды жаңа жыл кешін бізбен бірге, көңілді өткізуге шақырамыз!🎄
Е-Өтініш телеграм бот мекені  веб – сайтының ашылуы

Е-Өтініш телеграм бот мекені веб – сайтының ашылуы

Аудан жаңалығы, Технология
Веб-сайт -  телеграм мессенджеріне арналған  ыңғайлы электронды құралдар (телеграм бот) бойынша толық мағлұмат беретін, яғни,  қандай технология қолданылғаны, жаңалықтары, жаңартулары және неге пайдаланылуға болатыны  жөнінде  жариялайтын таптырмас қазақ тіліндегі интернет құрал. Сілтемесі: bot.urjar.kz
2022 жылда ауданымыздың сұранысқа ие мамандықтардың тізбесі

2022 жылда ауданымыздың сұранысқа ие мамандықтардың тізбесі

Өмір, Сайт жаңалықтары
Мекеменің атауы Елді мекен атауы Мамандықтар атауы Бірлік саны «ШҚО Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің Қарабұйрат орта мектеп-бақшасы» КММ Қарабұйрат ауылы Тарих пәнінің мұғалімі 1 «ШҚО Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің Алтынсарин атындағы орта мектеп-бақшасы» КММ Таскескен ауылы Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі 1 «ШҚО Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің Найманбай атындағы орта мектебі» КММ Мақаншы ауылы Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі 1 «ШҚО Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің Қайыңды  орта мектеп-бақшасы» КММ Қайыңды ауылы Математика пәнінің мұғалімі 1 «ШҚО Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің Қайыңды  орта мектеп-бақшасы» КММ   Қайыңды ауы
Абай облысының әкімі Мақаншыда

Абай облысының әкімі Мақаншыда

Аудан жаңалығы, Хабарлама
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Үржар ауданына жұмыс сапарының аясында, Мақаншы ауылындағы №2 аудандық ауруханада болды. Сонымен қатар, аудан ақсақалдарымен де кездесті. - «Көлеңкелі бизнестің» дәуірі өтті. Салық түссе – Абай облысының бюджетіне түседі! Ол қаржыны халық қажетіне жұмсаймыз. Сондықтан, кәсіпкерлерге айтарым, табысты жасырып-жасқаудың еш қажеті жоқ! - Мақаншының да жағдайын білемін. Аудан халқы бар, шекаралық аймақ дегендей... Осының бәрін, егжей-тегжейлі зерттеп, бір қорытындыға шығамыз. Сондықтан, бұл мәселеде, біраз сабыр сақтауларыңызды сұраймын! Біз бәріміз осы облысты 25 жыл күттік. Тұралап қалған өндірістер бар. Оның бәрін қалпына келтіру керек. Бұл жалғыз менің, не болмаса әкімдіктің ғана қолынан келмейді. Бұл – ел болып, жұрт болып, бірге шешілетін мәсел
«Бақты-Аягөз» теміржол учаскесін салу жоспарлануда

«Бақты-Аягөз» теміржол учаскесін салу жоспарлануда

Аудан жаңалығы, Хабарлама
  — Аягөздің географиялық орналасқан жерін де ұтымды пайдаланған жөн. Келешекте, облыстың транзиттік әлеуетін арттыру үшін «Бақты-Аягөз» теміржол учаскесін және «Қарамай-Тачэн-Аягөз» теміржолын салуды жоспарлап отырмыз, - деді Абай облыс әкімі.