Бейсенбі, Наурыз 28Веб-сайт для публикации новостей в Урджаре

Month: Сәуір 2021

Өскеменге бір ай бойы ұшақ қатынамайды

Өскеменге бір ай бойы ұшақ қатынамайды

Аудан жаңалығы, Облыс жаңалығы
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат. Өскемен қаласында әуе қатынасы бір айға тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Өскемен әуежайы» АҚ мәліметіне сүйенсек, 1 мамырдан 31 тамызға дейінгі аралықта әуежайдың жасанды ұшу жолағында жұмыстар жүргізу жоспарланған. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында қарастырылған. Осыған байланысты 1 айға авиақатынас тоқтатылады. Барлық рейстер уақытша Семей қаласына ауыстырылады. «Ал 2021 жылғы 1 маусым мен 31 тамыз аралығында АН-24 әуе кемелерімен топырақты ұшып-қону жолағынан Нұр-Сұлтан, Алматы, Семей, Зайсан қалалары мен Үржар ауданына рейстерді орындау жоспарланып отыр», - делінген хабарламада. Дереккөз: inform.kz

Үржарда алғашқы жалпыхалықтық сенбілік өтті

Аудан жаңалығы, Мәдениет
Үржар ауылында 2021 жылғы алғашқы жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылды. Аталмыш іс-шараға әкімдік аппаратының қызметкерлерімен қатар, ауданның барлық мекемелері тартылды. Бүгінгі күнгі сенбілікке жиналған аудан тұрғындары көктемнің саф ауасымен тыныстап, екі қолға күректерін, аша, тырмаларын алып, тазалау жұмыстарына белсенді түрде кірісіп кетті. Айталық, ауданның орталық көшелерімен, ауыл арасын жалғастыратын жолдар бойын, ауыл аумағын күзгі қалған жапырақтардан тазартып, күн жылына бой көтеретін жасыл  желектің шырайын жандандыра түсті. Үржарымыздың гүлденуіне бірге атсалысайық! - деген ұранмен аудан әкімі, ұлттық парк директоры, экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің мамандары қоршаған ортамызды таза ұстауға, сенбілік жұмыстарында белсенді болуға болуға шақырды. С