Сенбі, Сәуір 20Веб-сайт для публикации новостей в Урджаре

Аудан жаңалығы

Үржардағы батырлар аллеясы

Абай облысының әкімі Мақаншыда

Абай облысының әкімі Мақаншыда

Аудан жаңалығы, Хабарлама
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Үржар ауданына жұмыс сапарының аясында, Мақаншы ауылындағы №2 аудандық ауруханада болды. Сонымен қатар, аудан ақсақалдарымен де кездесті. - «Көлеңкелі бизнестің» дәуірі өтті. Салық түссе – Абай облысының бюджетіне түседі! Ол қаржыны халық қажетіне жұмсаймыз. Сондықтан, кәсіпкерлерге айтарым, табысты жасырып-жасқаудың еш қажеті жоқ! - Мақаншының да жағдайын білемін. Аудан халқы бар, шекаралық аймақ дегендей... Осының бәрін, егжей-тегжейлі зерттеп, бір қорытындыға шығамыз. Сондықтан, бұл мәселеде, біраз сабыр сақтауларыңызды сұраймын! Біз бәріміз осы облысты 25 жыл күттік. Тұралап қалған өндірістер бар. Оның бәрін қалпына келтіру керек. Бұл жалғыз менің, не болмаса әкімдіктің ғана қолынан келмейді. Бұл – ел болып, жұрт болып, бірге шешілетін мәсел
«Бақты-Аягөз» теміржол учаскесін салу жоспарлануда

«Бақты-Аягөз» теміржол учаскесін салу жоспарлануда

Аудан жаңалығы, Хабарлама
  — Аягөздің географиялық орналасқан жерін де ұтымды пайдаланған жөн. Келешекте, облыстың транзиттік әлеуетін арттыру үшін «Бақты-Аягөз» теміржол учаскесін және «Қарамай-Тачэн-Аягөз» теміржолын салуды жоспарлап отырмыз, - деді Абай облыс әкімі.
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Үржар ауданына келеді

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Үржар ауданына келеді

Аудан жаңалығы
2022 жылғы 23 шілде күні Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев жергілікті халықпен кездесу мақсатында Үржар ауданына жұмыс сапарымен барады деп күтілуде. Сапар барысында бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, түрлі мәселелер бойынша аудан тұрғындарымен кездеседі.
Үржарда АИ-92 маркалы жанармай тапшы

Үржарда АИ-92 маркалы жанармай тапшы

Аудан жаңалығы, Хабарлама
‼️ ⛽️ Үржарда АИ-92 маркалы жанармай тапшы. Кешеден бері, яғни 18 шылде 2022ж бастап, Үржарда АИ-92 маркалы жанармай қоры азайғандықтан, ірі жанармай құю станциялары тек талонмен жіберуді ұйғарды. Ал АИ-95 маркалы жанармайды ешқандай кедергісіз ала аласыз. Сондықтан, байқаңыздар.
Үржар ауданындағы ОРАЗА ЖӘНЕ НАМАЗ КЕСТЕСІ – 2022

Үржар ауданындағы ОРАЗА ЖӘНЕ НАМАЗ КЕСТЕСІ – 2022

Аудан жаңалығы, Мәдениет, Өмір
Назарларыңызға ауданымыздың 2022 жылғы Рамазан айындағы ораза және намаз кестесін ұсынамыз! Биылғы пітір садақа мөлшері – 500 теңге болып бекітілді. Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен ораза айт намазына дейін беруге болады.
ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР! КОНЦЕРТ

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР! КОНЦЕРТ

Аудан жаңалығы, Мәдениет
СІЗДЕРДІ ҚАЗАҚТЫҢ БҰЛБҰЛ ҮНДІ ӘНШІСІ РОЗА БАҒЛАНОВАНЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН "АЙНАЛДЫМ, АҚ МАҢДАЙЛЫМ" АТТЫ КОНЦЕРТТІ ТАМАШАЛАУҒА ШАҚЫРАМЫЗ! Өтетін жері: Үржар аудандық мәдениет үйі Өтетін уақыты: 4 наурыз, сағат 16-00 де Кіру тегін.
АЗА ТҰТУ

АЗА ТҰТУ

Қазақстан жаңалықтары, Хабарлама
Еліміздің бірқатар өңірінде болған қайғылы оқиғалардың салдарынан ішкі істер, әскери саласындағы азаматтарымыз бен бейбіт тұрғындардың қазасына байланысты 10 қаңтарда Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды (тиісті Жарлық Ақорда сайтында). Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ бұл шешімі - елді сабырлыққа, имандылыққа, ауызбірлікке шақыру шарасы. Ықылым заманнан сан қиындық пен сынақты бастан кешірген халқымызды қаңтардағы қара құйын қатты күйзелтті. Төтеннен, бөтеннен келгендерге табалаушы елбұзарлар қосылды. Халықтың жиған-тергені шашылды, ырыс-несібе рәсуа болды, қалаларымызда ойран салынды, қан төгілді. Отан үшін әрбір жанның қазасы қасіретті. Кенеттен қайғы арқалаған отбасылар мен әулеттердің баршасына қайғырып, көңіл айтамыз. Ұлт ұстазы, ел қайраткері Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ: "Асықпаңд
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеуі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеуі

Қазақстан жаңалықтары, Хабарлама
  Құрметті отандастар! Елімізде лаңкестікке қарсы операция жалғасуда. Полиция, ұлттық ұлан және армиямыздың күшімен Конституцияға сәйкес заңдылық пен тәртіп орнату мақсатында ауқымды әрі күрделі жұмыс атқарылып жатыр. Кеше Алматы, Ақтөбе қалалары мен Алматы облысындағы жағдай қалпына келтірілді. Енгізілген төтенше жағдай режимі өз нәтижесін берді. Бүкіл еліміз бойынша конституциялық заңдылық орнатылды. Бірақ террористер мемлекеттік және жеке азаматтардың дүние-мүлкіне әлі де залалын келтіріп, азаматтарға қарсы қару қолдануда. Құқық қорғау органдары мен армияға ескертусіз оқ атуға бұйрық бердім. Шетелде тараптарға келіссөз жүргізіп,  проблемаларды бейбіт жолмен шешуге шақырған сөздер айтылуда. Не деген ақымақтық?! Қылмыскерлермен, қанішерлермен қандай келіссөз бол
E-Өтініш сайтының мекемеге арналған телеграм боты

E-Өтініш сайтының мекемеге арналған телеграм боты

Аудан жаңалығы, Жарнама
Е-Өтініш (Е-обращение) сайттары – өтініш жазатын және  жауап беретін сайт. Түрлері: Өтініш беретін сайты – eotinish.kz Өтінішке жауап беретін – мекемелерге арналған – eotinish.gov.kz Өтініштерге жауап беретін сайтқа мекемеде істейтін адамдардың жұмысын жеңілдету үшін телеграм бот жасадық. Сілтемесі: @eotinishgovkzbot Бот мүмкіндіктері: Мекемеге жаңадан келген өтініштер туралы ақпаратты керекті адамға хабарлама жібереді. Дәрежесі тіркелген, жұмыстағы  өтініштердің орындалу мерзімін бақылауда ұстайды. Жауап беруге мерзімі жақындаған өтініштер тізімін мекемедегі тіркеуші рөлі бар адамға суретте, ексель файлда, электронды пошта, телеграм арқылы хабарлап отырады. Барлық дәрежедегі өтініштер санын шығарып, есептерін жасай алады.   Толық ақпаратты жаңадан ашылғ