Сенбі, Сәуір 20Веб-сайт для публикации новостей в Урджаре

Аудан жаңалығы

Үржардағы батырлар аллеясы

Үржардағы Халыққа қызмет көрсету орталығы жаңа ғимаратта

Үржардағы Халыққа қызмет көрсету орталығы жаңа ғимаратта

Аудан жаңалығы
  Үржардағы Халыққа қызмет көрсету орталығы жаңа  ғимаратқа көшті. Мекен-жайы: Үржар ауылы, К.Игембаев көшесі 65. Халық банкі ғимаратына қарама қарсы орналасқан. Мекеме бойынша толығырақ ақпарат біздің сайттағы Анықтама бөлімінен табуыңызға болады. Толық сілтемесі міне: urjar.kz сайтында.    
«Ауылым» әнінің авторы Жабайыл Бейсенов 85 жасқа толды

«Ауылым» әнінің авторы Жабайыл Бейсенов 85 жасқа толды

Аудан жаңалығы, Мәдениет
Танымал әннің сөзі 1972 жылы жазылған. Көпшілікке танымал «Ауылым» әнінің авторы, ақын, сазгер Жабайыл Бейсенов 85 жасқа толды. Ақынның сөзіне жазылған ән бүгінде ауылын сағынған әр азаматтың әнұранына айналған. «Ауылым» әнінің сөзін Жабайыл Бейсенов, әнін Теміржан Базарбаев жазған. Ақын Жабайыл Алакөлдің шығыс жағында тұрса, әнін жазған Теміржан Базарбаев көлдің Алматы облысына қарасты жағында туған. «Мен өзім арғы беттен (Қытай – авт.) 1962 жылы келгенмін. Жас кезімде Қазақстанды аңсап, сағынып жүретінмін. Менің ғана емес, көп қазақтың өмірі тікелей ауылмен байланысты. Ауылдың сары қымызын ішіп, жусанын иіскегенге, таза ауасын жұтқанға не жетсін?! Ауылға деген сағынышымды әнмен жеткізгім келді. Менің ауыл туралы басқа да өлеңдерім бар. Ауылда тудым, ауылда өстім, бүкіл ғұмырым
Мақаншыда «қинау» фактісі бойынша ауыл тұрғыны полиция қолынан қаза тапты (видео)

Мақаншыда «қинау» фактісі бойынша ауыл тұрғыны полиция қолынан қаза тапты (видео)

Аудан жаңалығы, Өмір
Үржар аудандық ішкі істер бөлімінің Мақаншы өңірлік бөлімшесінде 33 жастағы жігіт қапыда қайтыс болды. Оқиға өткен аптаның жұма күні 16 қазанда болған. Әлеуметтік желі арқылы өңірлік бөлімшеден тарап кеткен бірнеше видео барысына қарасақ, ауыл тұрғынының полицейлер қолынан өлтірілгені көзге ұрып тұр. Білуімізше, қайтыс болған жігіт – Қаратұма ауылының тұрғыны. Марқұм ағасын іздеп ішкі істер бөлімшесіне келген інісі мақаншылық «қызыл жағалылардың» бірқатарынан қайғылы оқиғаға байланысты түсінік беруін сұрағанымен, мардымды жауап ала алмай тұрғаны көрінеді. Дереккөз: zhasalash.kz  
Үржарға көмек  қоры

Үржарға көмек қоры

Аудан жаңалығы, Денсаулық, Өмір
Құрметті Үржар, Мақаншы, Таскескен өңірінің азаматтары!Осы бір қиын шақта "Үржарға көмек қоры" аясында ауданның атымтай жомарт азаматтары, бүгінгі жағдайға бей-жай қарай алмайтын жандар жұмыла жұдырық болып игі іс бастап кетті. Мақсат - індеттің ілмегіне түскен науқас жандардың өміріне араша түсу.Осы орайда Сіздерді де ортақ істен оңаша қалмай, жерлестерімізге қолдау көрсетуге шақырамын! Теңізге құйған тамшыдай болсын үлес қосайық!Қаражаттай көмек көрсетемін деген жандар үшін:АО Kaspi BankБИК: CASPKZKA5169 4971 1778 6057Номер счета карты (IBAN):KZ86722C000031964571Байдараков Жаркын ЖепеновичИИН: 810714300794+7 702 261 43 14 - Kaspi Gold осы нөмірге тіркелген. Барынша репост жасап, таратайық!
«ҚАЗАҚСТАН АРУЫ 2019» сұлулық байқауы

«ҚАЗАҚСТАН АРУЫ 2019» сұлулық байқауы

Аудан жаңалығы, Мәдениет
https://youtu.be/YoENuvLsIHI Құрметті жерлестер! 2019 жылдың 2 мамыры күні Нұр Сұлтан қаласында республикалық "Қазақстан аруы 2019" сұлулық байқауы өтеді. Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы атынан ару қызымыз, жерлесіміз Жанель Талғатқызы Жұман қатысып, финалға шықты. Дауыс беру басталды. Төмендегі сілтеме арқылы дауыс беріп, қолдау көрсетуге шақырамыз!! https://missqazaqstan.kz/leaders/zhanel_zhuman Жалпы барлық қатысушыларды мына сілтемеден көре аласыз: https://missqazaqstan.kz/leaders
Жұмабек Ержан Жұмабекұлы – ақын, «Серпер» жастар сыйлығының иегері, докторант

Жұмабек Ержан Жұмабекұлы – ақын, «Серпер» жастар сыйлығының иегері, докторант

Аудан жаңалығы, Мәдениет
1987 ж. бұрынғы Семей облысы Аякөз қаласында дүниеге келген. Өлең жазуды мектеп қабырғасынан бастаған. 2004 ж. ШҚО Үржар ауданы Үржар ауылындағы Абай атындағы орта мектеп-лицейін тәмамдаған. 2004 ж. бері жазба өлеңдері қалалық «Семей таңы» облыстық «Ертіс өңірі» республикалық «Қазақ әдебиеті» газеттерінде жариялануда. 2004-2008 жж. ШҚО Семей қаласы, Семей қаласы. Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті «филология» факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын үздік бітірген. 2005 ж. жоғарғы оқу орындар арасында Семей қаласы бойыншы өткен «Жігіт сұлтаны» байқауында бас жүлдемен бірге «Семей серісі» атағын ұтып алған. 2005 ж. Өскемен қаласында 18-35 жас арасында өткен облыстық «Жігіт сұлтаны» байқауының бас жүлдегері. 2005 ж. Семейде өткен қалалық «На
«Халыққа көмек», «Бақытты отбасы» жобалары және «Жан жылуы-жанұяға» акция қорытындысы

«Халыққа көмек», «Бақытты отбасы» жобалары және «Жан жылуы-жанұяға» акция қорытындысы

Аудан жаңалығы
«Халыққа көмек» және «Бақытты отбасы» жобалары шеңберінде көпбалалы аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету мақсатында аудандық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Бірыңғай әлеуметтік терезе» жүйесі іске қосылып, арнайы жұмыс тобы құрылды. Нәтижесінде, аудан көлемінде 3060 көпбалалы отбасы анықталып, 4 және одан жоғары 1669 жанұяға әлеуметтік карта толтырылды. Карта толтыру барысында аз қамтылған әрі көпбалалы 46 отбасы анықталып, оларға баспана мәселесін шешу мақсатында 27 наурыз күні «Бақытты отбасы», «Жан жылуы-жанұяға» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Бұл игі шараға аудан басшылары, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, білім, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, қожалық басшылары, аудандық ардагерлер кеңесі мен мекеме, ұжым қызметкерлері қатысты. Акция қор