Елімізде 1-сәуірден бастап такси жүргізушілері жолаушыларға түбіртек беруге міндеттелді. Мұндай бұйрықты Қаржы министрлігі бекітті.
«Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерін бекіту туралы» қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы №206 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, жаңа заң жобасы 1 сәуірден бастап күшіне енді.
Zhasalash.kz-тің «Жұрттың сөзі» аудиохабары бүгінгі шығарылымда осы тақырыпты сөз етеді.
Тыңдай отырыңыз, жаңа заңға қатысты такси жүргізушілері не дейді? Бізде ауданда жағдай қалай екен?
Авторы: Асмира Ермекқызы
Дереккөз: https://zhasalash.kz
Больше новостей в Telegram-канале «urjar.kz». Подписывайся!