Жексенбі, Қараша 24Веб-сайт для публикации новостей в Урджаре

Tag: Үржаркз

ШҚО-да полицияға қару тапсырған тұрғындар 10 млн теңгеге жуық сыйақы алды

ШҚО-да полицияға қару тапсырған тұрғындар 10 млн теңгеге жуық сыйақы алды

Аудан жаңалығы, Билік
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында халықтан атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу бойынша республикалық акция жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша акция барысында халықтан 9,7 млн теңге сомасында 153 қару алынған. Оның ішінде 25 ойық және 128 тегіс ұңғылы атыс қаруы бар. Мәселен, жуықта Үржар аудандық полиция бөліміне 51 жастағы ер адам жүгініп, екі аңшылық қаруын өз еркімен тапсырды. Оның айтуынша, аталған қарулар 2018 жылы қайтыс болған әкесінен қалған. Қазіргі уақытта сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. «Халықтан заңсыз сақталған атыс қаруы мен оқ-дәрілерді сатып алу жөніндегі комиссия құрамы азаматқа екі қару үшін 120 000 теңгеден астам қаражат төлейді.
Өскеменге бір ай бойы ұшақ қатынамайды

Өскеменге бір ай бойы ұшақ қатынамайды

Аудан жаңалығы, Облыс жаңалығы
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат. Өскемен қаласында әуе қатынасы бір айға тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Өскемен әуежайы» АҚ мәліметіне сүйенсек, 1 мамырдан 31 тамызға дейінгі аралықта әуежайдың жасанды ұшу жолағында жұмыстар жүргізу жоспарланған. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында қарастырылған. Осыған байланысты 1 айға авиақатынас тоқтатылады. Барлық рейстер уақытша Семей қаласына ауыстырылады. «Ал 2021 жылғы 1 маусым мен 31 тамыз аралығында АН-24 әуе кемелерімен топырақты ұшып-қону жолағынан Нұр-Сұлтан, Алматы, Семей, Зайсан қалалары мен Үржар ауданына рейстерді орындау жоспарланып отыр», - делінген хабарламада. Дереккөз: inform.kz
Сотқа келушілер үшін

Сотқа келушілер үшін

Билік
Азаматтар сотқа келген кезде күзет орнындағы мамандандырылған күзет қызметінің қызметкеріне жеке куәлігін, содан кейін шақыру қағазын (хабарламаны) көрсетеді немесе келу мақсатын хабарлайды, сондай-ақ арнайы құрал мен бақылау жүргізу үшін жасалынған техникалық жабдықтың көмегімен тексеруден өтеді. Қажет болған жағдайда жеке заттарына тексеру жүргізіледі. Келушілерді сот ғимаратына кіргізу жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30 аралығында жүргізіледі. Түскі асқа үзіліс уақыты – 13.00-ден 14.30 аралығында сот ғимаратына кіргізу тоқтатылады. СОТҚА КЕЛУШІЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ Сотқа келушілер: · процесуалдық және басқа да құжаттарды беру және алу үшін сот ғимаратына кіруге, сондай-ақ сот материалдарымен танысу мақсатында сот ғимаратында болуға; · қабырғаларға орналастырылған сот құжаттарын
Автокөлік несиесі арзандайды

Автокөлік несиесі арзандайды

Өмір
Ұлттық банк отандық жеңіл автокөлік өндірісінің өнімін сатып алушыларды несиелеу бағдарламасын жариялады. Елімізде 3,8 млн. көлік бар. Соңғы 10 жылда жеңіл автокөліктер паркі 49%-ға артқан. Алайда, автокөліктер қатары ескіріп барады. Өйткені, екінші деңгейлі банктердің жеке тұлғаларға автонесие беру портфелі 20,3 пайыз. Бұл – халық үшін тиімсіз.  Соған қарамастан, автокредиттердің жалпы үлесі 10,7%-ға артты. Былтыр екінші деңгейлі банктер 222,1 млрд теңгенің 92,5 мың автонесиесін берген. Енді болашақта отандық көлік аламын дегендерге Ұлттық банк мынадай жеңілдік береді. Берілетін ең жоғары несие көлемі 15 млн теңгеден аспауы керек. Несие жылдық пайыздық мөлшерлемесі 4 пайызбен 7 жылға дейін беріледі. «Бұл бағдарламаның жүзеге асуы агроөндіріс кешенімен байланыс