Президент Тоқаев жаңа премьер-министрдің кандидатурасын ұсынады
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент мәжілісінің отырысына қатысып, жаңа премьер-министрдің кандидатурасын ұсынады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
Бүгін сағат 11.15-те мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейнебайланыс арқылы Парламент мәжілісінің отырысына қатысып, еліміздің жаңа премьер-министрінің кандидатурасын ұсынатын болады. Сондай-ақ Президент саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу бойынша ауқымды баяндама жасайды Берік Уәли
Жиынды "Хабар24" арнасы тікелей эфирде көрсетеді.