Үржар ауданы тұрғындарының, мекеме басшыларының, кәсіпкерлер мен шаруашылық жетекшілерінің назарына!
Апат айтып келмейді. 2023 жылдың 23 қаңтар күні ауданымыздың Алтыншоқы ауылында екі бірдей отбасының баспаналары өртке оранып, үйлері түгелдей жанып кетті. Қыстың көзі қырауда далада қалған отбасыларына жан-жақты көмек көрсету жұмыстары басталып, ауыл тұрғындары тарапынан арнайы есеп шоты ашылды.Халқымызда «Қайырымдылық – адамгершілік белгісі» деген, қанатты сөз бар. Ендеше, барша аудан халқы жұдырықтай жұмылып, береке – бірлігімізді көрсетіп, осынау сауабы мол қайырымдылық іске үлес қосуға шақырамыз!!!Төменде ауыл тұрғындарының бастамасымен ашылған Каспи голд есеп-шотын ұсынамыз! 87015690382 Айнур С. (Айнур Сарымсакова - ауыл тұрғыны, әйелдер Кеңесінің мүшесі)