Бейсенбі, Ақпан 2Веб-сайт для публикации новостей в Урджаре

Tag: әуежай

Өскеменге бір ай бойы ұшақ қатынамайды

Өскеменге бір ай бойы ұшақ қатынамайды

Аудан жаңалығы, Облыс жаңалығы
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат. Өскемен қаласында әуе қатынасы бір айға тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Өскемен әуежайы» АҚ мәліметіне сүйенсек, 1 мамырдан 31 тамызға дейінгі аралықта әуежайдың жасанды ұшу жолағында жұмыстар жүргізу жоспарланған. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында қарастырылған. Осыған байланысты 1 айға авиақатынас тоқтатылады. Барлық рейстер уақытша Семей қаласына ауыстырылады. «Ал 2021 жылғы 1 маусым мен 31 тамыз аралығында АН-24 әуе кемелерімен топырақты ұшып-қону жолағынан Нұр-Сұлтан, Алматы, Семей, Зайсан қалалары мен Үржар ауданына рейстерді орындау жоспарланып отыр», - делінген хабарламада. Дереккөз: inform.kz