Жұма, Желтоқсан 3Веб-сайт для рекламы в Урджаре

Tag: қару

ШҚО-да полицияға қару тапсырған тұрғындар 10 млн теңгеге жуық сыйақы алды

ШҚО-да полицияға қару тапсырған тұрғындар 10 млн теңгеге жуық сыйақы алды

Аудан жаңалығы, Билік
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында халықтан атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу бойынша республикалық акция жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша акция барысында халықтан 9,7 млн теңге сомасында 153 қару алынған. Оның ішінде 25 ойық және 128 тегіс ұңғылы атыс қаруы бар.Мәселен, жуықта Үржар аудандық полиция бөліміне 51 жастағы ер адам жүгініп, екі аңшылық қаруын өз еркімен тапсырды. Оның айтуынша, аталған қарулар 2018 жылы қайтыс болған әкесінен қалған. Қазіргі уақытта сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.«Халықтан заңсыз сақталған атыс қаруы мен оқ-дәрілерді сатып алу жөніндегі комиссия құрамы азаматқа екі қару үшін 120 000 теңгеден астам қаражат төлейді.