Жұма, Наурыз 29Веб-сайт для публикации новостей в Урджаре

Қазақстандықтар 1 шілдеден бастап жүргізуші куәлігін ала алмайды

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап тіркеу және емтихан бөлімін жояды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Бұл бөлімнің функциялары барлық Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) мен арнайы ХҚКО-лар қарайтын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына беріледі. Қазір арнайы ХҚКО-ларда көлікті тіркеу, құжаттарды рәсімдеу және автокөліктерге мемлекеттік нөмір алуға құжат қабылданады. Ал полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережесінен теориялық және практикалық емтихандарды қабылдайды.

Сондай-ақ олар азаматтар мен көлікті іздестіру базасынан тексереді, шектеулердің бар-жоғын және құжаттардың шынайылығын анықтайды. 1 шілдеден бастап жүргізуші куәлігін алушылардан теориялық және практикалық емтихандарды ХҚКО қызметкерлері қабылдайды.

«Көлік құралдарын тіркеуге қажетті құжаттардың бар-жоғы туралы ақпаратты полицей салықтық, кедендік және басқа билік органдарының деректер базасынан қашықтан тексереді. Яғни жүргізуші куәліктерін беру және көлік құралдарын тіркеу кезінде полиция азаматтармен де, мемлекеттік корпорация қызметкерлерімен де байланыса алмайды», – деп жазылған ІІМ хабарламасында.

Құжаттарды тексеру үшін өтінімдерді бөлу полиция қызметкерлері арасында автоматты түрде жүргізіледі. Бұл адам факторын жояды. Сонымен қатар, көлік құралдарын бастапқы тіркеу кезінде тексеру процедурасынан толықтай бас тарту жоспарланып отыр. Арнайы ХҚКО жоқ қалаларда тіркеу-емтихан бөлімінің міндетін қарапайым ХҚКО-лар атқарады.

Дереккөз: Sputniknews.kz

Мы есть в социальных сетях ВК, в Одноклассники, Фейсбук, Твиттер и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-705-261-20-24. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.

Loading

Бөлісу: