Бейсенбі, Наурыз 28Веб-сайт для публикации новостей в Урджаре

Нұр-Сұлтан қаласына жаңа әкім тағайындалды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі ауысты.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болып тағайындалды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Ақорда өз сайтында жариялаған болатын. 

Алтай Седірұлы Көлгінов (15 қаңтар 1977 жыл, Түркістан қаласы, Қазақстан) – Қазақстан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткері, Батыс Қазақстан облысының экс-әкімі. 

Көлгіновтың қызмет жолымен таныс бола отырыңыз:

2001 – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы бас маман.

2002 – 2003 жылдары – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы құқықтық статистика комитетінің басқарма прокуроры.

2003 – 2007 жылдары – Мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігінің Астана қаласы бойынша басқарма бастығының орынбасары

2007 – 2008 жылдары – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Талдау және заң актілерін дайындау басқармасының бастығы;

2008 – 2010 жылдары – «Алаш Медиа Групп» ЖШС Бас директордың құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары.

2010 – 2012 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аймақтық-ұйымдастыру бөлімінің Мемлекеттік инспекторы

2012 – 2013 жылдары – Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары

2013 – 2016 жылдары Орал қаласының әкімі

26 сәуір 2016 жыл дан бастап – Батыс Қазақстан облысы әкімі.

Дереккөз: https://www.qamshy.kz/

Мы есть в социальных сетях ВК, в Одноклассники, Фейсбук, Твиттер и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-705-261-20-24. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.

Loading

Бөлісу: