Ad Clicks : Ad Views :
Oh Snap!

Please turnoff your ad blocking mode for viewing your site content

img

Қазақстандағы түрік мейрамханалары арам ет пайдаланады

/
/
/
262 Views

Мен он шақты түріктердің мейрамханасында бес-алты жылдай жұмыс істедім. Бір байқағаным, қазақтар түріктердің мейрамханасына тапсырыс беріп той, не ас жасағанда, дастарханғанға қойылған ет алыс шетелден әкелінген дәмі нашар, арам еттер. Оны мен талай уақытқа дейін байқамай жүрдім.

Ал түріктердің мейрамханасына өздерінің түрігі, әзербайжан, күрдтер тапсырыс бергенде оларға қазақстанда өсірілген жаңа сойылған малдың етін қояды. Олардың тағы бір қулығы – тапсырыс берген қазақтың алдына ет қойғанда біліп қоймасын немесе шу шығармасын деп әдейі қазақстанда өсірілген дұрыс малдың етін қояды да, ал қалған қонақтарының бәріне, укол егілген (аргентинадан әкелген) етті қояды.

Мен оны қалай білдім дейсіздер ме?
Мен бұл тойлардың иелерін танымасам да, даяшыларға алдыртып, талай жегем. Содан бастап, қазақтардың тойларына пісірілген ет өте дәмсіз, әрі көп сақталғаннанба, әйтеуір дәмі бүр түрлі болған соң мүлдем жемейтін болдым.
Тауық еттерінің де дәмі нашар. Ол да шетелден келген арам тауықтікі десе болады.

Шетелден келген еттер, ол арам сойылған мал мен өлген малдыкі.
Қазақстандағы еттің 90% шетелден келген өлік малдар.
Ол өлік малдарды шетелдіктер жеуге жарамайды деп шығарып тастаған. Сол еттерді біздің жемқорлар шетелден тасып қазақтарға сатып, асатып жатыр.

Білесіздер ме, мен айтқан күрд, түрік, әзербайжандар өздері үйіне ет алғанда ешқашан базардан ет сатып алмайды. Алса өздерінің жақын таныстарынан, болмаса тірі малды сатып алып, өздері мұсылманша қуран оқып сойып жейді.

Ал, біздің қазақтар болса, келімсектердің мейрамханасына тапсырыс беріп , миллиондап ақшасын шашып арам өлік жеп-жеп мәз мейрам боп қайтуда.

Біздің қазақ аурудан көз ашпаудың сыры осы жеп отырған тамағына мән бермеуінен. Аталаларымыз «Ауру астан» деп бекер айтпаса керек.

Мен қазақтардың мейрамханасында жұмыс істеп көрмедім.
Оларда қандай ет қоятынын білмеймін.

Ал енді дастарханға қойылған салаттарды айтсақ, мысалы қияр памидордың бәрі укол егілген қытайдың қияр памидорлары. Сол сияқты алма апельсин, мандарин де қытайдан әкелінген.

Негізі қазақстаның қай өңіріндегі дастархан болсын, ешбір тағам сырттан келмеу керек. Себебі «мен сенің алдыңа шетелден әкелінген тағамды әзірледім» деп мақтанатын топастық заман өтіп кеткен.
Бізге осы топастықтан арылатын уақыт әлдеқашан келіп қойған.

Мысалы біз шетелден таза тағам әкеп жегеyнің өзінде, ол біздің қанымызға жақсы дәрумен бере алмайды. Жегеніңнің бәрі шлакқа айналады.
Себебі шетелдің табиғаты басқа.
Құдай соны әдейі солай жаратты.
Жейсіңбе, өз туған ауылыңның жемісі мен өнімін же.
Осыны оқып отырған әрбір қазақ баласы, сіздер түсінбейтін кішкентай бала емессіздер.
Түсінетін уақыттарыңыз болды ғой.

Жәнібек Иманмәзірдің facebook парақшасынан

Дереккөз: Abai.kz

Больше новостей в Telegram-канале «urjar.kz». Подписывайся!

Поделитесь с друзьями:


Leave a Comment



Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This div height required for enabling the sticky sidebar

Продаешь?
Хочешь клиенты тебя быстро нашли? 
Добавь свой бизнес в
Справочник организации Урджара

Всего за 3000 тенге
close-link
Яндекс.Метрика