Жұма, Сәуір 19Веб-сайт для публикации новостей в Урджаре

Month: Қаңтар 2022

Президент Тоқаев жаңа премьер-министрдің кандидатурасын ұсынады

Президент Тоқаев жаңа премьер-министрдің кандидатурасын ұсынады

Сайт жаңалықтары
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент мәжілісінің отырысына қатысып, жаңа премьер-министрдің кандидатурасын ұсынады, деп хабарлайды Zakon.kz. Бұл туралы Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады. Бүгін сағат 11.15-те мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейнебайланыс арқылы Парламент мәжілісінің отырысына қатысып, еліміздің жаңа премьер-министрінің кандидатурасын ұсынатын болады. Сондай-ақ Президент саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу бойынша ауқымды баяндама жасайды Берік Уәли Жиынды "Хабар24" арнасы тікелей эфирде көрсетеді.
АЗА ТҰТУ

АЗА ТҰТУ

Қазақстан жаңалықтары, Хабарлама
Еліміздің бірқатар өңірінде болған қайғылы оқиғалардың салдарынан ішкі істер, әскери саласындағы азаматтарымыз бен бейбіт тұрғындардың қазасына байланысты 10 қаңтарда Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды (тиісті Жарлық Ақорда сайтында). Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ бұл шешімі - елді сабырлыққа, имандылыққа, ауызбірлікке шақыру шарасы. Ықылым заманнан сан қиындық пен сынақты бастан кешірген халқымызды қаңтардағы қара құйын қатты күйзелтті. Төтеннен, бөтеннен келгендерге табалаушы елбұзарлар қосылды. Халықтың жиған-тергені шашылды, ырыс-несібе рәсуа болды, қалаларымызда ойран салынды, қан төгілді. Отан үшін әрбір жанның қазасы қасіретті. Кенеттен қайғы арқалаған отбасылар мен әулеттердің баршасына қайғырып, көңіл айтамыз. Ұлт ұстазы, ел қайраткері Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ: "Асықпаңд
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеуі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеуі

Қазақстан жаңалықтары, Хабарлама
  Құрметті отандастар! Елімізде лаңкестікке қарсы операция жалғасуда. Полиция, ұлттық ұлан және армиямыздың күшімен Конституцияға сәйкес заңдылық пен тәртіп орнату мақсатында ауқымды әрі күрделі жұмыс атқарылып жатыр. Кеше Алматы, Ақтөбе қалалары мен Алматы облысындағы жағдай қалпына келтірілді. Енгізілген төтенше жағдай режимі өз нәтижесін берді. Бүкіл еліміз бойынша конституциялық заңдылық орнатылды. Бірақ террористер мемлекеттік және жеке азаматтардың дүние-мүлкіне әлі де залалын келтіріп, азаматтарға қарсы қару қолдануда. Құқық қорғау органдары мен армияға ескертусіз оқ атуға бұйрық бердім. Шетелде тараптарға келіссөз жүргізіп,  проблемаларды бейбіт жолмен шешуге шақырған сөздер айтылуда. Не деген ақымақтық?! Қылмыскерлермен, қанішерлермен қандай келіссөз бол