Қазақстан жаңалықтарыТехнология

Kaspi Gold 60 секундта: Kaspi.kz үш жаңа өнімді таныстырды

Алматы. 29 қараша. 7kun.kz – Кеше Kaspi.kz жылдағы дәстүр бойынша Kaspi таныстыру шарасын өткізіп,  Михаил Ломтадзе үш жаңа өнімді ұсынды.

Оның алғашқысы – Kaspi Картомат. Енді кез-келген адам Kaspi Gold картасын ұялы қосымшада рәсімдеп, Kaspi Картоматтан 60 секундта басып шығара алады. Карта рәсімдеу кезіндегі жеке бас мәліметтерін ұялы қосымшадағы Kaspi Id арқылы, картоматты қолдану кезінде Kaspi QR растау мүмкіндігі бар. 2020 жылдан бастап бұл қызмет бүкіл Қазақстан аумағында қолжетімді болады.

Екіншісі — серіктестерге тегін таратылатын, Kaspi.kz-пен ықпалдасқан Kaspi POS өнімі сатып алу кезінде картасыз, Kaspi QR арқылы төлеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Kaspi POS қызметінің комиссиясы серіктестер үшін 1,69% төмендеді.

Үшінші – Kaspi.kz бизнеске кредит өнімін іске қосады. Серіктестер тауар айналымы, бизнесін кеңейту үшін 6 айға, кепілсіз 1 млрд теңгеге дейін қаржы алуына мүмкіндік бар. Несиені онлайн Kaspi Business қосымшасы арқылы рәсімдеуге болады.

Михаил Ломтадзенің айтуынша енді Kaspi.kz кейсін Гарвардтың бизнес мектебі екінші курстан бастап студенттерге оқыта бастамақ.

Айта кетейік, Kaspi.kz қызметін 6 млн адам, Kaspi Gold  картасын 4,5 млн адам қолданады.

Дереккөз: 7kun.kz

Больше новостей в Telegram-канале «urjar.kz». Подписывайся!

Бөлісу:

Айтымов Арнур

Мен, Айтымов Арнұр Тұрсынғалиұлы - URJAR.KZ және REMONT.URJAR.KZ - Үржар веб-сайттарының әкімгерімін. Менің телефон нөмерім: 8(776)4413838 Телеграмдағы арнам бар: Арнұр АЙТЫМОВ арнасы Аудан бойынша жарнама, жаңалықтарға арнап ашылған сайттарды жүргіземін. Өмірді жеңілдететін технологиялар мен әдіс-амалдар арқылы аудандағы адамдар деңгейін көтергім келеді. Өтінішім бар, менің әлеуметтік желідегі парақшаларыма кіруді ұмытпаңыз.

Related Articles

Back to top button