Бейсенбі, Қараша 21Веб-сайт для публикации новостей в Урджаре

Облыс жаңалығы

Абайская область, город Семей

20 ақпан 2024ж МАҚАНШЫ аудан әкімі тағайындалуы күтілуде

20 ақпан 2024ж МАҚАНШЫ аудан әкімі тағайындалуы күтілуде

Облыс жаңалығы
Мақаншы ауданы мәслихатының кезектен тыс 2-сессиясы 2024 жылдың 20 ақпанына белгіленіпті. Осы жиында Мақаншы ауданының әкімі лауазымына келісім беру туралы шешім қабылданады. Өтетін мекен жайы: аудандық Мәдениет үйі ғимаратында, 2-қабаттағы мәжіліс залы, Қабанбай батыр көшесі, № 64
Нұрлан Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымына тағайындалды

Нұрлан Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымына тағайындалды

Билік, Облыс жаңалығы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұрлан Телманұлы Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Тиісті Жарлыққа ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. «Нұрлан Телманұлы Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымына тағайындалсын» делінген Мемлекет басшысының Жарлығында. Нұрлан Уранхаев 1965 жылы 4 мамырда Семей қаласында дүниеге келген. 1987 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын инженер-механик, 2001 жылы Қазақ қаржы-экономикалық институтын экономист-менеджер, 2006 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін инженер-құрылысшы мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1987 жылы слесарь-монтажшы болып бастады. Бұдан кейінгі жылдарда ол Семей қаласының «Казпромтехмонтаж» тресінде мастер, прораб бол
Абай облысының құрамына 8 аудан және 2 қала еніп отыр

Абай облысының құрамына 8 аудан және 2 қала еніп отыр

Облыс жаңалығы
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Жаңадан құрылған Абай облысының құрамына 8 аудан және 2 қала еніп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бүгіннен бастап Семей аймағында Абай облысы құрылды. Шығыс Қазақстан облысынан бөлініп шыққан жаңа өңірдің аумағы 185,5 мың шаршы метрді құрайды. Құрамына 8 аудан және 2 қала енді. Атап айтқанда, Семей, Курчатов қалалары, Абай, Аягөз, Ақсуат, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті, Үржар аудандары. Абай облысындағы халық саны – 638,3 мың. Яғни, Шығыс Қазақстан жұртшылығының 47 пайызы жаңа аймақтың тұрғындарына айналып отыр. Ал ШҚО аумағы 97,8 мың шаршы метр болды. Территориялық бөліністерге сәйкес, оның құрамында 9 аудан және 2 қала қалды. Олар Өскемен, Риддер қалалары, Глубокое, Зайсан, Катонқарағай, Күршім, Самар, Тарбағатай, Ұлан, Шемонаиха, Алтай ауданда
Өскеменге бір ай бойы ұшақ қатынамайды

Өскеменге бір ай бойы ұшақ қатынамайды

Аудан жаңалығы, Облыс жаңалығы
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат. Өскемен қаласында әуе қатынасы бір айға тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Өскемен әуежайы» АҚ мәліметіне сүйенсек, 1 мамырдан 31 тамызға дейінгі аралықта әуежайдың жасанды ұшу жолағында жұмыстар жүргізу жоспарланған. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында қарастырылған. Осыған байланысты 1 айға авиақатынас тоқтатылады. Барлық рейстер уақытша Семей қаласына ауыстырылады. «Ал 2021 жылғы 1 маусым мен 31 тамыз аралығында АН-24 әуе кемелерімен топырақты ұшып-қону жолағынан Нұр-Сұлтан, Алматы, Семей, Зайсан қалалары мен Үржар ауданына рейстерді орындау жоспарланып отыр», - делінген хабарламада. Дереккөз: inform.kz
Көкпекті ауданында жаңа әкім

Көкпекті ауданында жаңа әкім

Облыс жаңалығы, Саясат
Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданына әкім болып Серікқазы Сәдуақасов тағайындалды. Ол осыған дейін Тарбағатай ауданын басқарған. Серікқазы Сәдуақасов 1961 жылы 26 мамырда бұрынғы Семей облысы Үржар ауданы Үржар ауылында дүниеге келген. 1983 жылы Семей зоотехникалық-малдәрігерлік институтын ветеринария мамандығы бойынша тәмәмдаған. Еңбек жолын 1984 жылы Үржар ауданының «Красные Горные Орлы» ұжымдық шаруашылығының Тесіпақан ветеринариялық учаскесінің меңгерушісі болып бастады. 1986 жылы «Красные Горные Орлы» ұжымдық шаруашылығының бас мал дәрігері, 1992-1994 жылдары Үржар ауданының ауылшаруашылық басқармасының бас мал дәрігері, кейін «Жанай» атындағы қосалқы шаруашылықтың басшысы, «Красный дозор» ұжымдық шаруашылығы төрағасы, «Жаңа-тілек» ЖШС-нің басшылық етті. 1997-2012 жылдар
Экс-әкімнің ұлы – Абай музейінің директоры

Экс-әкімнің ұлы – Абай музейінің директоры

Мәдениет, Облыс жаңалығы
Семейдегі Абайдың «Жидебеай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің директоры қызметіне Мәдениет және  спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының бұйрығымен Ерлан-Бек МЕЙРАМХАТҰЛЫ тағайындалды. Бұл туралы «Жас алаш» тілшісі музейдің баспасөз қызметінің ақпаратына сүйене отырып хабарлайды. Музейдің бұрынғы басшысы белгілі жазушы-журналист, осы саланың қыр-сырын білетін маман ретінде танылған Болат Жүнісбековтің өз еркімен қызметінен кеткен жайы бар. Ал «әртүрлі салаларда қызмет атқарған» деп баяндалған Ерлан-Бек Мейрамхатұлының бірнеше филиалы бар мәдени нысанды басқаруға келуі тосын жаңалық десе де болады. Рухани-мәдени салада бұрын-соңды аты естілмеген адам болғанымен, әкесі Мейрамхат Айнабеков 2007-2011 жылдар аралығында Семей қаласының әкімі қызметін атқарған болатын. Қалан
Фейсбукте «свежий» әкімдер жарысып жүр

Фейсбукте «свежий» әкімдер жарысып жүр

Билік, Облыс жаңалығы
Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ өңір, аудан әкімдеріне әлеуметтік желіден өз парақшаларын ашуды тапсырғаны Аякөз және Тарбағатай ауданының жаңадан тағайындалған әкімдері үшін таптырмас тамаша мүмкіндік болды. Іске кіріскендеріне бірер апта енді ғана болған қос әкім – Ділдәбек ОРАЗБАЕВ (Аякөз ауданының әкімі) пен Серікқазы СӘДУАҚАСОВ (Тарбағатай ауданының әкімі) «Фейсбук» әлеуметтік желісі арқылы ел ішін аралап, кімді көріп, не тындырып жатқандарын күн сайын көрсетіп-ақ жатыр. Әрине, халыққа жақын болу үшін барған жердің жұртымен бетпе-бет кездесіп, мұң-мұқтажын тыңдап, мәселесін шешу – қай әкімнің де басты міндеті. Дегенмен, бұл екі әкімнің «бұрыннан отырған» басқа басшылардан айырмашылығы да баршылық, өзара бәсекелестікке баруға себептері де жоқ емес. Мәселен, Аякөз ауданына облыс әк
Ораза кестесі 2019 (жаңартылды)

Ораза кестесі 2019 (жаңартылды)

Облыс жаңалығы
Бүгін Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты 2019 жылға арналған Рамазан айының ораза және намаз кестесін жариялады. Төралқа Мәжілісі мүшелерінің бірауызды шешімімен биылғы пітір садақа мөлшері – 300 теңге болып бекітілді. Дереккөз: https://egemen.kz
Полигон зардабын тартқандарға лайықты жеңілдік қажет – Тоқаев

Полигон зардабын тартқандарға лайықты жеңілдік қажет – Тоқаев

Облыс жаңалығы
Семей қаласында зиялы қауым өкілдерімен кездесуі өткізген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев полигон зардабын тартқан азаматтарға жасалатын жеңілдік лайықты деңгейде болуы қажет деді, деп хабарлайды Zakon.kz. "Қазір "Семей полигонындағы ядролық сынақтың тауқыметін тартқан тұрғындарды қорғау және оңалтуға арналған бұған дейінгі шаралардың тиімділігі" жөнінде арнайы зерттеу жүргізілуде. Жыл соңына дейін полигон аймағындағы тұрғындар мен олардың ұрпақтарына ядролық сынақтардың тигізген зиянын нақтылап, әлеуметтік кепілдіктердің көлемін анықтаймыз. Үкіметке полигон аумағындағы халыққа берілетін әлеуметтік көмектің мөлшері жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырамын. Өңірдегі тағы бір күрделі ахуал Семейдегі Ядролық медицина орталығының құрылысына қатысты болып отыр. Аталған мәс