Жұма, Наурыз 29Веб-сайт для публикации новостей в Урджаре

Автомобильді жеңілдетілген несиеге алу үшін бюджеттен 8 млрд теңге бөлінді

Арзан несиемен көлік рәсімдеуге бюджеттен 8 млрд теңге бөлінді. Қаражат «Қазақстанның даму банкі» арқылы екінші деңгейлі бес банкке таратылған. Осылайша арзан автонесие беру бағдарламасы іске қосылған 2015 жылдан бері қаржыландыру 42 млрд теңгеге жетіп отыр. Бірінші және екінші транш кезінде Ұлттық қордан 26 млрд теңге бөлінса, былтыр үшінші траншпен республикалық бюджеттен 8 млрд теңге аударылған. Осы уақытқа дейін 13 жарым мыңнан астам көлік сатылған. Отандық өндірушілерден авто алу шарты өзгерген жоқ. Үстемақы 4 пайыздан аспайды, несиелендіру мерзімі – 7 жыл, қарыз валютасы – теңге, ал жеңіл автокөлік құны 15 млн теңгеден көп болмауы тиіс.   

Әділ ИСМАҒАМБЕТОВ «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУ БАНКІ» АҚ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ: 

Автомобильдерге сұраныс артып келеді. Банктерде кезек көп. Соған қарап бөлінген 8 млрд теңге тез арада игеріліп кететін шығар деп болжап отырмыз. Бағдарламаға екі отандық автоөндіруші қатысады. Оларға қаражат теңдей бөлінеді. Қазақстандықтар танымал брендтердің 50 шақты моделін сатып ала алады.

Д. Қайыртай


Дереккөз: https://astanatv.kz/

Больше новостей в Telegram-канале «urjar.kz». Подписывайся!

Loading

Бөлісу: