«Халыққа көмек» және «Бақытты отбасы» жобалары шеңберінде көпбалалы аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету мақсатында аудандық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Бірыңғай әлеуметтік терезе» жүйесі іске қосылып, арнайы жұмыс тобы құрылды. Нәтижесінде, аудан көлемінде 3060 көпбалалы отбасы анықталып, 4 және одан жоғары 1669 жанұяға әлеуметтік карта толтырылды. Карта толтыру барысында аз қамтылған әрі көпбалалы 46 отбасы анықталып, оларға баспана мәселесін шешу мақсатында 27 наурыз күні «Бақытты отбасы», «Жан жылуы-жанұяға» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Бұл игі шараға аудан басшылары, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, білім, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, қожалық басшылары, аудандық ардагерлер кеңесі мен мекеме, ұжым қызметкерлері қатысты. Акция қорытындысы бойынша 14 млн 657 мың теңге ақшалай қаражат жиналып, ауыл кәсіпкерлері мен ауыл тұрғындары бірлесіп 9 отбасына баспана алып берді.