Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Үржар ауданына жұмыс сапарының аясында, Мақаншы ауылындағы №2 аудандық ауруханада болды. Сонымен қатар, аудан ақсақалдарымен де кездесті.
– «Көлеңкелі бизнестің» дәуірі өтті. Салық түссе – Абай облысының бюджетіне түседі! Ол қаржыны халық қажетіне жұмсаймыз. Сондықтан, кәсіпкерлерге айтарым, табысты жасырып-жасқаудың еш қажеті жоқ!
– Мақаншының да жағдайын білемін. Аудан халқы бар, шекаралық аймақ дегендей… Осының бәрін, егжей-тегжейлі зерттеп, бір қорытындыға шығамыз. Сондықтан, бұл мәселеде, біраз сабыр сақтауларыңызды сұраймын! Біз бәріміз осы облысты 25 жыл күттік. Тұралап қалған өндірістер бар. Оның бәрін қалпына келтіру керек. Бұл жалғыз менің, не болмаса әкімдіктің ғана қолынан келмейді. Бұл – ел болып, жұрт болып, бірге шешілетін мәселе! Бәрі – бір күнде бола қоймайды! Бәріне уақыт керек. Ел болып, халық болып біріксек, Абай облысы – өзінің лайықты орнын алады деп сенемін.
– Жалпы, жолдың жайы, қайда барсаң да – өзекті. Әсіресе, қала аралық байланыс өте қиын. Халықтың наразылығы орынды.Бұл мәселені біз мәжіліс пен министрліктер деңгейінде қарадық. Жауапты органдарға мәселені сапалы шешу тапсырылды. Бұдан басқа интернет, ауыз-су, жұмыссыздық сұрақтары бар. Оның бәрімен таныспын. Облыс жаңадан құрылып жатыр. Бюджет әлі бекіген жоқ. Мемлекеттік органдар енді жасақталуда.
Үржар ауданының тұрғындарымен кездесуінен
Дереккөз: Абай облысы әкімдігінің Ресми телеграм арнасы