Сенбі, Қараша 23Веб-сайт для публикации новостей в Урджаре

Экс-әкімнің ұлы – Абай музейінің директоры

Семейдегі Абайдың «Жидебеай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің директоры қызметіне Мәдениет және  спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының бұйрығымен Ерлан-Бек МЕЙРАМХАТҰЛЫ тағайындалды. Бұл туралы «Жас алаш» тілшісі музейдің баспасөз қызметінің ақпаратына сүйене отырып хабарлайды.

Музейдің бұрынғы басшысы белгілі жазушы-журналист, осы саланың қыр-сырын білетін маман ретінде танылған Болат Жүнісбековтің өз еркімен қызметінен кеткен жайы бар. Ал «әртүрлі салаларда қызмет атқарған» деп баяндалған Ерлан-Бек Мейрамхатұлының бірнеше филиалы бар мәдени нысанды басқаруға келуі тосын жаңалық десе де болады. Рухани-мәдени салада бұрын-соңды аты естілмеген адам болғанымен, әкесі Мейрамхат Айнабеков 2007-2011 жылдар аралығында Семей қаласының әкімі қызметін атқарған болатын. Қаланы басқарған төрт жыл ішінде жетпейтін бюджет қаржысын ұқсатып, Семейдің аз ғана уақытта көркеюіне сүбелі үлес қосқанын ешкім жоққа шығармайды. Халықпен өткізген жиында әңгімесін қазақы қалжыңмен жалғастыратын қарапайым қасиетімен де көпшіліктің ойында қалған.

Қаланың қазіргі әкімі Ермак СӘЛІМОВ былтырғы жылдың соңында сол Мейрамхат Кәрібекұлына «Семей қаласының құрметті азаматы» атағын тапсырғанын «Жас алашта» баяндаған да едік. («Семейді басқарсаң, «Құрметті азаматы» боласың»).

Жасы 40-тан енді асқан бұрынғы әкімнің баласын музей ұжымына Мәдениет және спорт министрінің жауапты хатшысы міндетін атқарушы (бұрынғы жауапты хатшының парамен күдікке ілінгені мәлім-авт) К. Сейітова таныстырған. Бір қызығы музейдің баспасөз қызметінің хабарламасында Е. Мейрамхатұлының директордың уақытша міндетін атқарушы лауазымына тағайындалғаны айтылған. Ал Семейге таяуда ғана келіп кеткен Қазақстанның уақытша президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы жылы Абайдың 175 жылдығын республикалық деңгейде атап өтіп, әкесі Құнанбай Өскенбайұлының есімін де құрметтеуге назар аудару керектігін айтқан еді. Музейдің жаңа басшысының жаңа салада сыналар шағы енді басталды деуге әбден болады.

Фотоны автор ұсынды.

Авторы: Сәтжан Қасымжанұлы

Дереккөз: https://zhasalash.kz

Больше новостей в Telegram-канале «urjar.kz». Подписывайся!

Loading

Бөлісу: