1987 ж. бұрынғы Семей облысы Аякөз қаласында дүниеге келген. Өлең жазуды мектеп қабырғасынан бастаған.
2004 ж. ШҚО Үржар ауданы Үржар ауылындағы Абай атындағы орта мектеп-лицейін тәмамдаған.
2004 ж. бері жазба өлеңдері қалалық «Семей таңы» облыстық «Ертіс өңірі» республикалық «Қазақ әдебиеті» газеттерінде жариялануда.
2004-2008 жж. ШҚО Семей қаласы, Семей қаласы. Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті «филология» факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын үздік бітірген.
2005 ж. жоғарғы оқу орындар арасында Семей қаласы бойыншы өткен «Жігіт сұлтаны» байқауында бас жүлдемен бірге «Семей серісі» атағын ұтып алған.
2005 ж. Өскемен қаласында 18-35 жас арасында өткен облыстық «Жігіт сұлтаны» байқауының бас жүлдегері.
2005 ж. Семейде өткен қалалық «Наурыз нақыштары» атты жас ақындар айтысында 3-орын, 2006 ж. 2-орын иемденген.
2005-2006 жж. қыркүйек айында тіл мерекесіне арналған Оралхан Бөкей атындағы мәнерлеп оқу шеберлігінің қалалық байқауында 2-орынды жеңіп алған.
2006 ж. М.О.Әуезов атындағы Семей университеті шығарған «Өсер өркен» жинағына бір топ өлеңдері енген.
2006, 2007, 2008 жж. Қазақстан ұлттық телеарнасының тікелей эфирінде өткен «Қазақстан чемпионаты», «Аламан» айтыстарының жүлдегері.
2008-2009 жж. «Радио-7» радиосында музыкалық жүргізуші қызметін атқарған.
2008-2010 жж. ШҚО Семей қаласы, Семей қаласы. Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті «филология» факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша оқып,
ғылым магистрі атанған.
2009-2011 жж. Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде, 2011-2012 жж. Семей мемлекеттік медицина университетінің қазақ және латын кафедрасында оқытушы болған.
2012 ж. Мәдениет және ақпарат министірлігінің қолдауымен «Шексіздік шұғыласы» атты жыр жинағы жарық көрді.
2012-2013 жж. «Қазақстан Семей» телеарнасының жүргізуші-редакторы болған. 2015 ж. «Мереке» баспасынан жарық көрген Қазақ поэзиясының 10 томдық «Жыр маржаны» атты антологиясына өлеңдері енген.
2015 ж. Қазақстан Жастар одағы «Серпер» сыйлығын иеленді.
2015-2016 жж. Білім және мәдениет арнасында әр сенбі сайын берілетін «Бәйтерек» зияткерлік шоуының жүргізушісі болған.
2016 ж. бастап Түркия Республикасындағы Өмер Халисдемир университетінің докторанты.
2017 ж. ШҚО Үржар ауданының әкімі Серік Зайнулдиннің Әсет Найманбаев атындағы медалімен марапатталған.
2017 ж. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Түркия Республикасындағы Medeniyetin Burçları ұйымының қолдауымен Ыстамбұл қаласы Ezgi баспасынан «Sonsuzluk Şûlesi» атты кітабы түрік тілінде басылып шығып, Кайсери қаласында шығармашылық кеші өткен.
2017 ж. Түркияның Ыстамбұл қаласында өткен «Shining Star» халықаралық әншілер сайысында Қазақстанның намысын қорғауға барған «Бастау» тобының экс-салисті, әнші Ерасыл Абдуалиев «Гауһартас» әніне жазылған Ержан Жұмабектің түрікше өлеңімен бас жүлдені қанжығалаған. Бүгінгі таңда қазақ шоу бизнесіндегі Марат Омаров, Арман Бексұлтан, Ұлықпан Жолдасов, Моллаберген Иламанов, Жарылқасын Дәулет, Сырым Алпысбаев, Рахат Баймурзаев т.б. сазгерлермен тығыз шығармашылық байланыста. Ержан Жұмабектің өлеңіне жазылған әндерді Марат Омаров, Нұрлан Албан, Серікбол Сайлаубек, Зивара, Фарида Жолдасова, Ерасыл Абдуалиев, Ержұма Маралбек Ертуған Құрмашев, «Заман» тобы, «Сармат» тобы т.б. көптеген әншілер орындап жүр.
Дереккөз: http://100esim.el.kz/