Жұма, Сәуір 26Веб-сайт для публикации новостей в Урджаре

22 наурыз күні Үржар ауылының орталық алаңында Наурыз мерекесі өтеді

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

22 наурыз күні Үржар ауылының орталық алаңында Наурыз мерекесі өтеді.

Бағдарламада:
1. «Ұлыстың ұлы күні -Наурыз» мерекелік концерті.
Басталуы сағат 10-00 де

2. «Үржар барысы» – спорт мектебінің алаңында қазақша күрестен турнирі ұйымдастырылады. Палуандар үшін жанкүйер болыңыздар
Басталуы сағат 10-30 да

3. Наурыз дода» – жарысында арқан тартыс, гирь көтеру, қол күрес, асық ату, мойын тартыс, бұқа тартыс ұлттық ойын түрлерінен күш сынасуға шақырамыз.
Басталуы сағат 10-30 да

4. «Наурыз- қоржын» – аудан әкімдігі ғимаратының қасындағы алаңда балаларға арналған ойын-сауық, оқушылар арасында әртүрлі эстафеталық жарыстар ұйымдастырылады.
Басталуы сағат 11-00 де

5. «Наурыз ырыс» – Қабанбай көшесінің бойында мерекелік жәрмеңке болады.
Басталуы сағат 8-00 де

6. «Наурыз олжа» -ауыл шаруашылығы өнімдерінен лотерея ойнатылады. Ұтыс ойыны негізгі сахнада сағат 12-00 де болады.
Билет мәдениет үйінде сатылады.

7. «Наурыз-бата» – «Үржар плаза» сауда үйінің алдындағы қазақ үйлерде бата беруден сайыс өтеді. Ақсақалдарымызды бата жарысына шақырамыз. Ұйымдастырушысы – Аудандық мешіт
Басталу уақыты: 9-00 де

8. «Наурыз – қолөнер» – Қабанбай ескерткішінің қасында ұлттық қолөнер көрмесі қойылады, ұлттық бұйымдар сатылады.

9. «Наурыз тілек» – челленджіне қатысып, әлеуметтік желіде ақ тілектеріңізді білдіріңіздер.

10. «Наурыз бастаңғы» – «Бәйтерек» ескерткішінің қасында аудан жастары мен еріктілердің ұйымдастырумен көңілді сайыстарға қатысыңыздар.

11. «Наурыз -қара жорға» – аудан жастары мен өнерпаздарының ұйымдастырумен қара жорға биінен флешмоб өтеді. Алаңдағы мерекеге жиналған барша халықты қара жорға биін билеп, ұллтық биімізді ұлықтауға шақырамыз. Флешмоб негізгі сахнаның алдында өтеді.
Басталуы уақыты: сағат 11-00 де.

Келіңіздер! Көріңіздер! Мереке қызығын тамашалаңыздар!

Loading

Бөлісу: