Пятница, 29 мартаВеб-сайт для публикации новостей в Урджаре

Метка: Жарма

ҚАЛБАТАУДА ҮРЖАРЛЫҚТАР КЕМ ТҮСПЕДІ

ҚАЛБАТАУДА ҮРЖАРЛЫҚТАР КЕМ ТҮСПЕДІ

Sport
Мамырдың 17-18 күндері Жарма ауданының Қалбатау ауылында грек-рим күресінен КСРО-ның жеті дүркін чемпионы, еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесіне II ашық облыстық турнир өтті. Екі  күнге созылған сайыста біршама жарқын белдесулер көрініс тауып, жанкүйерлердің «Қапсыра ұста! Төреші, төрт ұпай! Босама, ұтыласың!» деген айқайынан одан ары қыза түсті. Аягөздік Нұрдәулет Құмарұлы 27 келі салмақта сойқан салды. Бәрінен де оның әдістері үнемі асыра лақтырумен әдемі еді. Алғашқы айналымдарда қимылы тіптен, көз ілеспестей болды. Сөйткенде, ақтық сынға да аптықпай жетіп, ол жерде кілем иесі Данияр Құмарбековтан айласын асырды. Айта кетейік, жұбаныш және қола медаль үшін болған белдесулердің талайы дерлік бір минутқа жетпей аяқталды. Финалда да осы үрді