Автокөлік несиесі арзандайды
Ұлттық банк отандық жеңіл автокөлік өндірісінің өнімін сатып алушыларды несиелеу бағдарламасын жариялады. Елімізде 3,8 млн. көлік бар. Соңғы 10 жылда жеңіл автокөліктер паркі 49%-ға артқан.
Алайда, автокөліктер қатары ескіріп барады. Өйткені, екінші деңгейлі банктердің жеке тұлғаларға автонесие беру портфелі 20,3 пайыз. Бұл – халық үшін тиімсіз. Соған қарамастан, автокредиттердің жалпы үлесі 10,7%-ға артты. Былтыр екінші деңгейлі банктер 222,1 млрд теңгенің 92,5 мың автонесиесін берген. Енді болашақта отандық көлік аламын дегендерге Ұлттық банк мынадай жеңілдік береді. Берілетін ең жоғары несие көлемі 15 млн теңгеден аспауы керек. Несие жылдық пайыздық мөлшерлемесі 4 пайызбен 7 жылға дейін беріледі. «Бұл бағдарламаның жүзеге асуы агроөндіріс кешенімен байланыс