Site icon Үржардағы #1 сайт – Urjar.kz, Үржар.КЗ

Нұрлан Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымына тағайындалды

«Нұрлан Телманұлы Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымына тағайындалды.
Нұрлан Телманұлы Ұранхаев
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұрлан Телманұлы Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Тиісті Жарлыққа ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Нұрлан Телманұлы Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымына тағайындалсын» делінген Мемлекет басшысының Жарлығында.
Нұрлан Уранхаев 1965 жылы 4 мамырда Семей қаласында дүниеге келген.
1987 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын инженер-механик, 2001 жылы Қазақ қаржы-экономикалық институтын экономист-менеджер, 2006 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін инженер-құрылысшы мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1987 жылы слесарь-монтажшы болып бастады. Бұдан кейінгі жылдарда ол Семей қаласының «Казпромтехмонтаж» тресінде мастер, прораб болып істеді.
Әр жылдары Семей қаласындағы «Сары-Арқа» АӨК басшысы, «Казиркутсклес» АОЗТ бас директоры, Шығыс Қазақстан облысы энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс және көлік барқармасының басшысы, Шығыс Қазақстан облысы күрделі құрылыс басқармасының бастығы, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Астана қаласының ТЖМ мемлекеттік материалдық резерві комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде мемлекеттік инспектор, «Ертіс» ӘКК басқарма басшысының орынбасары, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Семей қаласы гуманитарлық заң университеті президентінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі төрағасының орынбасары, Ұлттық экономика министрлігінің «ҚазҚСҒЗЖИ» АҚ бас директоры, Алматы қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.
Ал, осыған дейін Нұр-Сұлтан қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы болды.
Дереккөз: https://www.inform.kz/kz/nurlan-uranhaev-abay-oblysynyn-akimi-lauazymyna-tagayyndaldy_a3943367

Exit mobile version