Site icon Үржардағы #1 сайт – Urjar.kz, Үржар.КЗ

22 наурыз күні Үржар ауылының орталық алаңында Наурыз мерекесі өтеді

Наурыз - 2023

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

22 наурыз күні Үржар ауылының орталық алаңында Наурыз мерекесі өтеді.

Бағдарламада:
1. “Ұлыстың ұлы күні -Наурыз” мерекелік концерті.
Басталуы сағат 10-00 де

2. “Үржар барысы” – спорт мектебінің алаңында қазақша күрестен турнирі ұйымдастырылады. Палуандар үшін жанкүйер болыңыздар
Басталуы сағат 10-30 да

3. Наурыз дода” – жарысында арқан тартыс, гирь көтеру, қол күрес, асық ату, мойын тартыс, бұқа тартыс ұлттық ойын түрлерінен күш сынасуға шақырамыз.
Басталуы сағат 10-30 да

4. “Наурыз- қоржын” – аудан әкімдігі ғимаратының қасындағы алаңда балаларға арналған ойын-сауық, оқушылар арасында әртүрлі эстафеталық жарыстар ұйымдастырылады.
Басталуы сағат 11-00 де

5. “Наурыз ырыс” – Қабанбай көшесінің бойында мерекелік жәрмеңке болады.
Басталуы сағат 8-00 де

6. “Наурыз олжа” -ауыл шаруашылығы өнімдерінен лотерея ойнатылады. Ұтыс ойыны негізгі сахнада сағат 12-00 де болады.
Билет мәдениет үйінде сатылады.

7. “Наурыз-бата” – “Үржар плаза” сауда үйінің алдындағы қазақ үйлерде бата беруден сайыс өтеді. Ақсақалдарымызды бата жарысына шақырамыз. Ұйымдастырушысы – Аудандық мешіт
Басталу уақыты: 9-00 де

8. “Наурыз – қолөнер” – Қабанбай ескерткішінің қасында ұлттық қолөнер көрмесі қойылады, ұлттық бұйымдар сатылады.

9. “Наурыз тілек” – челленджіне қатысып, әлеуметтік желіде ақ тілектеріңізді білдіріңіздер.

10. “Наурыз бастаңғы” – “Бәйтерек” ескерткішінің қасында аудан жастары мен еріктілердің ұйымдастырумен көңілді сайыстарға қатысыңыздар.

11. “Наурыз -қара жорға” – аудан жастары мен өнерпаздарының ұйымдастырумен қара жорға биінен флешмоб өтеді. Алаңдағы мерекеге жиналған барша халықты қара жорға биін билеп, ұллтық биімізді ұлықтауға шақырамыз. Флешмоб негізгі сахнаның алдында өтеді.
Басталуы уақыты: сағат 11-00 де.

Келіңіздер! Көріңіздер! Мереке қызығын тамашалаңыздар!

Exit mobile version