Бейсенбі, Сәуір 18Веб-сайт для публикации новостей в Урджаре

Tag: Тоқаев

Президент Тоқаев жаңа премьер-министрдің кандидатурасын ұсынады

Президент Тоқаев жаңа премьер-министрдің кандидатурасын ұсынады

Сайт жаңалықтары
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент мәжілісінің отырысына қатысып, жаңа премьер-министрдің кандидатурасын ұсынады, деп хабарлайды Zakon.kz. Бұл туралы Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады. Бүгін сағат 11.15-те мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейнебайланыс арқылы Парламент мәжілісінің отырысына қатысып, еліміздің жаңа премьер-министрінің кандидатурасын ұсынатын болады. Сондай-ақ Президент саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу бойынша ауқымды баяндама жасайды Берік Уәли Жиынды "Хабар24" арнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Полигон зардабын тартқандарға лайықты жеңілдік қажет – Тоқаев

Полигон зардабын тартқандарға лайықты жеңілдік қажет – Тоқаев

Облыс жаңалығы
Семей қаласында зиялы қауым өкілдерімен кездесуі өткізген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев полигон зардабын тартқан азаматтарға жасалатын жеңілдік лайықты деңгейде болуы қажет деді, деп хабарлайды Zakon.kz. "Қазір "Семей полигонындағы ядролық сынақтың тауқыметін тартқан тұрғындарды қорғау және оңалтуға арналған бұған дейінгі шаралардың тиімділігі" жөнінде арнайы зерттеу жүргізілуде. Жыл соңына дейін полигон аймағындағы тұрғындар мен олардың ұрпақтарына ядролық сынақтардың тигізген зиянын нақтылап, әлеуметтік кепілдіктердің көлемін анықтаймыз. Үкіметке полигон аумағындағы халыққа берілетін әлеуметтік көмектің мөлшері жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырамын. Өңірдегі тағы бір күрделі ахуал Семейдегі Ядролық медицина орталығының құрылысына қатысты болып отыр. Аталған мәс