Бейсенбі, Маусым 4Веб-сайт для рекламы
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

ТЖ кезеңіндегі дағдарысқа қарсы шаралар бойынша сұрақтарға жауаптар

1. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Тәртібі қандай ұйымдарға қолданылады? Банктердегі қандай кредиттердің мерзімі кейінге қалдырылады?

– ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 26 наурыздағы № 167 бұйрығымен Төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде зардап шеккен халықтың, шағын және орта бизнестің қарыздары бойынша негізгі борыш пен сыйақы сомаларын төлеуді тоқтата тұру тәртібі бекітілді.

Бұл тәртіп барлық екінші деңгейдегі банктерге, ломбардтарды, онлайн-кредиттеу компанияларын, кредиттік серіктестіктерді, оның ішінде бұрын осындай ұйымдар болып табылған заңды тұлғаларды қоса алғанда, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылады.

Төтенше жағдай кезеңінде халыққа және кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсету шаралары 2020 жылғы 16 наурызға дейін берілген барлық банктік қарыздарға және микрокредиттерге қолданылады.

2. Жеке және заңды тұлғалардың қарыздары мен микрокредиттері бойынша төлемдердің мерзімі өткен жағдайда айыппұлдар мен өсімпұлдар есептеуге тыйым салынған ба? Қазақстандықтардың барлық кепілсіз тұтынушылық қарыздары бойынша төлеу мерзімі 90 күннен асып кеткен жағдайда сыйақы есептеуге тыйым салынған ба? Бұл екеуі де бір нәрсе ме әлде түрлі нәрсе ме? Мерзімі өткен кезде банкке төленетін сыйақы, мерзімі өткен кездегі айыппұл, өсімпұл – мұның бәрі түрлі нәрселер ме? Қазақстандықтардың барлық кепілсіз тұтынушылық қарыздары бойынша төлеу мерзімі 90 күннен асып кеткен жағдайда сыйақы есептеуге тыйым – бұл ДК, шағын және орта бизнес үшін бе әлде жеке және заңды тұлғаларға да қолданыла ма?

– Қарыз шарты бойынша сыйақы және тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар мен өсімпұлдар) – бұл түрлі ұғымдар. Сыйақы дегеніміз – қарыз нысанын пайдаланғаны үшін төленетін ақы және төлеу мерзімнің өту-өтпеуіне оның қатысы жоқ. Тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар мен өсімпұлдар) дегеніміз – қарыз алушы қарыз бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған, оның ішінде төлеу мерзімін өткізіп алған жағдайда кредиторға төлеуге міндетті ақша сомасы. Демек, егер қарыз алушы кредит бойынша төлеу мерзімін өткізіп алған жағдайда, банк немесе микроқаржылық ұйым тұрақсыздық айыбын есептеуге және талап етуге құқылы.

Қазақстан Республикасында төтенше жағдай режимінің және жекелеген өңірлерде карантиннің енгізілуіне байланысты ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ағымдағы жағдайда қиындыққа ұшыраған қарыз алушыларға бірқатар қолдау көрсету шараларын қабылдады.

Қабылданған шаралар жеке тұлғалардан кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша төлеу мерзімі 90 күн өткеннен кейін сыйақы есептеуге және алуға тыйым салуды көздейді. Сонымен бірге төтенше жағдайдың қолданылу кезеңінде қарыздар бойынша мерзімі өткен кезде тұрақсыздық айыбын есептеуге және алуға тыйым көзделген.

3. Карантин кезінде жұмыссыз қалған немесе жалақысы сақталмай демалысқа кеткен жеке тұлғалар үшін кредиттер бойынша төлемдер тоқтатыла тұра ма?

– Төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде жеке тұлғалар жұмысынан немесе өзге де табыс көздерінен айырылған және қаржылық жағдайы нашарлаған жағдайда, 2020 жылғы 15 наурыз – 15 маусым аралығындағы кезеңде кредиттер бойынша төлемдерді тоқтата тұру көзделген.

Бұл үшін сұрақта сипатталған жағдайға тап болған қарыз алушыға банкке (микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымға, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға) 2020 жылғы 16 наурыз – 15 маусым аралығындағы кезеңде қаржылық жағдайы нашарлағаны туралы еркін нысанда өтініш берсе жеткілікті. Банк (микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) өтініштің негізінде 10 (он) жұмыс күні ішінде төлемдерді тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды және қарыз алушыға қолжетімді тәсілдермен хабарлайды.

4. Жұмыстан шыққан, жалақысы сақталмайтын демалысқа жіберілген немесе жалақысы қысқартылған қарыз алушылардың жағдайы қалай болады? Жұмыстан шыққан қарыз алушы жұмыс тапқанша және қайтадан табыс алғанша айыппұлдар мен өсімпұлдар қолданыла ма?

-Жоқ, айыппұлдар мен өсімпұлдар есептеуге тыйым салынған. Төтенше жағдай қолданылатын кезеңде банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар жеке тұлғаларға банктік қарыз және (немесе) микрокредит бойынша негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша мерзімі өткен төлемдер бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдар есептемейді.

Кредиттік ұйымдар осы шараларды жеке тұлғаларға қатысты біржақты тәртіппен, қарыз алушылар тарапынан өтініш беру қажеттілігінсіз қолданады.

5. Жалақысы қысқарған, бірақ жұмыс істеуді жалғастыратын және ең төменгі табыс алатын азаматтар төлем мерзімі ұзартылғандардың санатына кіре ме?

– Иә, егер қарыз алушы қаржылық тұрғыдан қиындыққа ұшыраған жағдайда, ол кредиттік ұйымға қарыз шарты бойынша негізгі борыш пен сыйақы сомаларын төлеу мерзімін ұзарту туралы өтініш беруге құқылы. Бұл ретте қарыз алушыға қаржылық жағдайын растайтын құжаттар беру талап етілмейді.

Жеке тұлғалар өтінішті кредиттік ұйымға электрондық пошта, «банк-клиент» онлайн-жүйесінің, интернет-ресурстың, мобильді қосымшаның немесе басқа да байланыс құралдарының көмегімен береді.

6. Бұл қарыз алушының кредиттік тарихына қалай әсер етеді?

– ҚНРДА Төрағасының 2020 жылғы 26 наурыздағы № 167 бұйрығымен бекітілген Төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде зардап шеккен халықтың, шағын және орта бизнестің қарыздары бойынша негізгі борыш пен сыйақы сомаларын төлеуді тоқтата тұру тәртібінде көрсетілген талаптармен төлемдерді тоқтата тұру қарыз алушының кредиттік тарихын нашарлатуға және қарыз алушы туралы кредиттік бюроға теріс ақпарат беруге негіз болып табылмайды.

7. Кредиттер бойынша төлемдерді 90 күн өткен соң өтеу тетігін сипаттап берсеңіздер. Барлық қарызды бірден немесе ішінара төлеу қажеттігі бола ма?

– Кредиттік ұйым төлемдерді тоқтата тұру себебін қамтитын және 2020 жылғы 16 наурыздан 15 маусымға дейінгі кезеңде кез келген сәтте кредиттік ұйымға берілген қарыз алушының еркін нысанда жасалған өтініші негізінде төлемдерді тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды.

Кредиттік ұйым қарыз алушының өтінішін қарайды, 10 жұмыс күні ішінде төлемдерді тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды және қарыз алушыны қолжетімді тәсілдермен хабардар етеді.

Қарыз алушының қаржылық жай-күйінің нашарлауын растайтын құжаттарды ұсынуы талап етілмейді.

Кредиттік ұйым төлемдерді тоқтата тұрудан бас тарту туралы шешімді кредиттік ұйымда жеке тұлғаның қаржылық жай-күйінің нашарлауының болмауы туралы ақпарат болған жағдайда қабылдайды.

Сонымен қатар, 90 күн кейінге қалдыру мерзімі өткеннен кейін қарыз шартының мерзімін ұлғайту немесе қарыз шартының қалған мерзіміне кейінге қалдырылған берешек сомасын бөлу жөніндегі шешімді кредиттік ұйым кредитор мен қарыз алушының шарттық қатынастары шеңберінде дербес қабылдайтын болады.

8. Кредит мерзімін кейінге қалдыру рәсімі бойынша қарыз алушы мен банк арасындағы іс-қимыл алгоритмі қандай? Банкке өтініш берген кезде неге жасау керек?

– Агенттік Төрағасының 2020 жылғы 26 наурыздағы № 167 бұйрығымен Төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде зардап шеккен халықтың, шағын және орта бизнестің қарыздары бойынша негізгі борыш пен сыйақы сомаларын төлеуді тоқтата тұру тәртібі бекітілді.

Бұл тәртіп барлық екінші деңгейдегі банктерге, ломбардтарды, онлайн-кредиттеу компанияларын, кредиттік серіктестіктерді, оның ішінде бұрын осындай ұйымдар болып табылған заңды тұлғаларды қоса алғанда, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылады.

Аталған тәртіп төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде зардап шеккен жеке және заңды тұлғаларға банктік қарыз және микрокредит шарттары бойынша негізгі борыш пен сыйақыны төлеуді 2020 жылғы 16 наурыздан 15 маусымға дейін тоқтата тұруды көздейді.

ШОБ, оның ішінде жеке кәсіпкерлерге, олардың қызметі төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде неғұрлым зардап шеккен экономика секторларына (сауда, СОО жалға алушыларын қоса алғанда және тауарларды жеткізу тізбегі, спорт, туризм, қонақ үй бизнесі, жолаушылар және жүк тасымалы, қоғамдық тамақтану, мейрамханалар мен дәмханалар, бос уақыт пен демалысты ұйымдастыру) сәйкес келген немесе олардың қаржылық жағдайы нашарлаған жағдайда кейінге қалдыру берілетін болады. Бұл сатылған тауарлар мен қызметтер көлемін төмендету, сатып алушылар тарапынан төлемді тоқтата тұру, қызметкерлердің штат санын қысқарту немесе басқа да объективті себептер. ШОБ субъектілеріне олардың қаржылық жағдайының нашарлағанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, банкке немесе микроқаржы ұйымына жүгіну талап етіледі.

Жалпы алғанда, өтінішті жеке тұлға немесе ШОБ кез келген уақытта 2020 жылғы 16 наурыздан 15 маусымға дейін бере алады.

Төлемдерді тоқтата тұру кезеңінде Тәртіп талаптарына сәйкес келетін қарыз алушылар бойынша шағым-талап жұмысы тоқтатылады.

2020 жылғы 16 наурыздан 15 маусымға дейінгі кезеңде кредиттік ұйымдар қарыз алушылардан төлемдерді тоқтата тұру немесе тиісті шарттарды өзгерту туралы өтінішті қарау үшін комиссиялар мен өзге де төлемдерді алмайды.

9. Қандай құжаттар қаржылық жағдайдың нашарлағанын растай алады және оларды қайдан жинау қажет?

– Халықтың әлеуметтік осал топтары, мемлекеттік әлеуметтік көмек алушылар, халықты жұмыспен қамту жөніндегі жергілікті органда тіркелген жұмыссыздар бойынша кредиттік ұйымдар біржақты тәртіпте жұмыстар жүргізетін болады және төлемдердің тоқтатылғаны туралы хабардар етеді.

Азаматтардың қалған санаттары қаржылық жағдайының нашарлағаны туралы кредиттік ұйымдарға өтініш берулері тиіс.

Мәселен, қаржылық жағдайы ТЖ енгізумен байланысты нашарлаған жеке тұлғалар еркін нысанда жазылған және төлемнің тоқтатылу себебі көрсетілген өтініш ұсынулары тиіс. Қарыз алушы- жеке тұлғаларға оның қаржылық жағдайының нашарлағанын растайтын құжаттар ұсынудың қажеті жоқ.

Бизнес субъектілеріне өтінішпен қатар, қаржылық жағдайының нашарлағанын растайтын құжаттар ұсыну қажет.

Өтінішті және қаржылық жағдайының нашарлағанын растайтын құжаттарды кредиттік ұйымға 2020 жылғы 16 наурыздан 15 маусым аралығы кезеңінде кез келген уақытта ұсынуға болады.

10. Барлық ЕДБ-ға қатысты қолданылатын өтініштер қандай мерзімдерде қаралады?

– Қаржылық жағдайы нашарлаған қарыз алушылар-жеке тұлғалардың өтініштері бойынша кредитор қарыз алушының өтінішін қарайды және 10 (он) жұмыс күні ішінде төлемді тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды және қарыз алушыны қолжетімді тәсілдермен хабардар етеді.

11. Банктер карантин кезеңінде адамдардан қаржылық талдау мен өтінішті не себепті талап етеді?

– Кредиттік ұйым азаматтың қаржылық жағдайының нашарлағанын растайтын құжаттар мен мәліметтерді талап ете алмайды. Кредиттік ұйым төлемдерді тоқтата тұру туралы шешімді тек қарыз алушының өтініші негізінде ғана қабылдайды.

Кредиттік ұйымда қарыз алушы-жеке тұлғаның қаржылық жағдайының нашарламағаны туралы ақпарат болған жағдайда, ол төлемді тоқтата тұрудан бас тарта алады.

12. Осыған байланысты банктер адамдарға қарыздар бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыруды ұсынудан бас тартады. Бұл немен байланысты?

– Банктер төлемдерді тоқтата тұрудан бас тарту туралы шешімді кредиттік ұйымда жеке тұлғаның қаржылық жай-күйінің нашарлауының болмауы туралы ақпарат болған жағдайда қабылдайды.

13. ТЖ кезеңінде адамның төлем қабілеттілігінен уақытша айрылғандығы туралы қандай да бір растайтын қағаздар болуы тиіс пе? Әлде банкте өтініш қалдыру жеткілікті ме?

– Егер Сіздің қаржылық жағдайыңыз нашарлап, және Сіз халықтың әлеуметтік осал топтарының, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушының және кредиттік ұйымдар тарапынан біржақты тәртіппен көмек көрсетілетін халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша жергілікті органда тіркелген жұмыссыздардың санатына жатпайтын жағдайда, Сіз еркін нысанда жасалған және төлемді тоқтата тұру себебі көрсетілген өтінішпен кредиттік ұйымға жүгінуіңіз қажет. Жеке тұлғаның қаржылық жай-күйінің нашарлағанын растайтын құжаттарды қарыз алушының ұсынуы талап етілмейді.

Бизнес субъектілері өтініштен басқа, қаржылық жағдайының нашарлауын растайтын құжаттарды ұсынуы қажет.

Қаржылық жай-күйінің нашарлауын растайтын өтініш пен құжаттар 2020 жылғы 16 наурыздан 15 маусымға дейінгі кезеңде кез келген сәтте кредиттік ұйымға берілуі мүмкін.

14. Неге қолдау бағдарламасы тек кепілсіз кредиттерге ғана қолданылады? Неге барлық қарыз алушыларға бірыңғай тәсіл жоқ, бұл ахуал барлығы үшін өте қиын ғой?

– Төтенше жағдай кезеңінде халықты және кәсіпкерлік субъектілерді қолдау шаралары 2020 жылғы 16 наурызға дейін берілген барлық банктік қарыздар мен микрокредиттерге қолданылады.

15. Неліктен банктер мерзімін кейінге қалдыруға қатысты өтініштерді қарағаны үшін комиссия алады?

– Кредиттік ұйымдарға қарыз алушылардан төлемдерді тоқтата тұру және кепіл шарттарын және өзге де байланысты шарттарды тиісінше өзгерту туралы өтініштерді қарағаны үшін комиссиялар және өзге де төлемдер алуға тыйым салынады.

16. Қарыз алушының төлеу мерзімін кейінге қалдыруға келісімі қалай беріледі? Бекітілген рәсім бар ма? Төлем жасағысы келетін және төлемді одан әрі де жүргізе алатындар не істейді, әсіресе, егер пайыздар бәрібір де есептелетін болса?

– Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарға, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға және тіркелген жұмыссыздарға төлем мерзімін кейінге қалдыруды ұсыну олардың келісімімен ғана жүзеге асырылады. Басқа жеке тұлғалар, сондай-ақ шағын және орта бизнес субъектілері төлем мерзімін кейінге қалдыру үшін өзінің банкіне немесе банктік емес кредиттік ұйымға тиісті өтініш беруі керек.

Бұл ретте кез келген қарыз алушы төлем мерзімін кейінге қалдырмауға және кредит бойынша төлемдерді бұрынғы режимде жүргізуге құқылы.

Төлем мерзімін кейінге қалдыруды ұсынудың барлық рәсімдері Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің тиісті құқықтық актілерімен егжей-тегжейлі регламенттеледі.

17. Банктердің төлем мерзімін кейінге қалдыруды ұсынуына негіз болатын бірыңғай талаптар бар ма? Қазір бір банк бәріне бірдей төлем мерзімін бір айға ғана кейінге қалдыруды ұсынамын десе, басқа банк алдымен 16 наурызға дейінгі ағымдағы төлемді төлеуді талап етеді, ал үшіншісі өтінішті қарағаны үшін комиссия талап етеді, алайда нәтижесінде бас тартуы мүмкін екенін айтады.

– Қарыздар бойынша төлемдердің мерзімін кейінге қалдыруды ұсынудың бірыңғай талаптары ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің құқықтық актілерінде белгіленген, атап айтқанда:

1) Төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде зардап шеккен халықтың, шағын және орта бизнестің қарыздары бойынша негізгі борыш пен сыйақы сомаларын төлеуді тоқтата тұру тәртібі (ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 26 наурыздағы № 167 бұйрығы);

2) «Халықты және кәсіпкерлік субъектілерін төтенше жағдай кезеңінде қолдау шаралары туралы» ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 22 наурыздағы № 17 қаулысы.

3) Төлем мерзімін кейінге қалдырудың бірыңғай кезеңі – 2020 жылғы 16 наурыздан бастап 15 маусым аралығы көзделеді. Бұл ретте кредиторларға төлем мерзімін кейінге қалдыруды ұсынғаны үшін комиссия алуға және Агенттіктің құқықтық актілерінде көзделмеген қосымша талаптар белгілеуге тыйым салынады.

18. Ломбардтарға қатысты ахуал қандай? Олар да үш айға мерзімін кейінге қалдыруды ұсынады? Көптеген ломбардтарда қарыз мерзімі аймен немесе бірнеше күнмен де есептеледі. Бұл ретте мерзімін кейінге қалдыру тетігі қалай іске асырылатын болады? Бұл уақыт ішінде ломбард кепілге салынған заттарды сатып жібермей ме?

– Мерзімін кейінге қалдыру тәртібін орындау кредит нарығының барлық субъектілеріне, оның ішінде ломбардтарға да міндетті. Мерзімін кейінге қалдырудың бірыңғай кезеңі – 2020 жылғы 16 наурыздан бастап 15 маусым аралығы көзделеді. Мерзімін кейінге қалдыру қарыз бойынша міндеттемелерді орындау мерзімін ауыстыруды көздейтіндіктен, мерзімін кейінге қалдыру кезеңінде ломбардтардың кепілге салынған заттарды сатуға құқығы жоқ.

19. Кейбір кәсіпорындар ай сайын емес, тоқсан сайын төлемдер жүргізеді. Егер мысалы төлем мерзімі наурызда жасалған болса, келесі төлем мерзімі маусымда болса, олар төлем мерзімін қалай кейінге қалдырады (ондай мүмкіндік беріле ме)?

– Қарыздар бойынша төлемдерді жүзеге асырудың кезеңділігіне қарамастан, мерзімін кейінге қалдырудың бірыңғай кезеңі – 2020 жылғы 16 наурыздан бастап 15 маусым аралығында көзделген. Мерзімін кейінге қалдыру уақытша қаржылық қиындыққа тап болған қарыз алушыларға ұсынылады. Сондықтан қарыз алушының көрсетілген кезеңде қаржылық жағдайы жақсармаса және қарыз бойынша міндеттемелерін орындауға мүмкіндігі болмаса, қарыз алушы өзінің қарыз алған банкіне немесе банктік емес кредиттік ұйымға мұндай жағдайын тиісті құжаттармен растай отырып, мерзімін кейінге қалдырудың неғұрлым ұзақ кезеңін немесе өзге де шаралар ұсыну туралы өтінішпен жүгінуге құқылы. Қарыз алушының қаржылық жағдайына талдау нәтижелері бойынша кредитор кейінге қалдырудың қосымша мерзімін ұсыну не бас тарту туралы шешім қабылдайтын болады.

20. Қолдау шараларын ұсынудан бас тартқан ұйымдарға қандай шаралар қолданылады. Қазір көптеген азаматтар біз банктер емеспіз және АК-мен ғана жұмыс істейміз, сондықтан Агенттік бұйрығының бізге қатысы жоқ деген компанияларға пайда болды. Олардың клиенттері не істеу керек?

– ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) тиісті бұйрығымен бекітілген Төлем мерзімін кейінге қалдыруды ұсыну тәртібі барлық кредиттік ұйымдарға, оның ішінде банктерге, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға, ломбардтарға, онлайн-кредиттеу компанияларына, кредиттік серіктестіктерге қолданылады.

«Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығына сәйкес дағдарысты жағдайлар кезеңінде Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқарудың жұмыс істеуінің ерекше тетігі айқындалғанын атап өту қажет. Ол мемлекеттік органдарға реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың, өзге функцияларды жүзеге асырудың ерекше тәртібін көздейтін актілер қабылдау құқығын береді.

Осыған байланысты, төлем мерзімін кейінге қалдыруды ұсынудан негізсіз бас тартқан жағдайда қарыз алушылар Агенттікке шағымдануға құқылы, шағымдарды қарау нәтижелері бойынша Агенттік өз өкілеттіктеріне сәйкес шаралар қабылдайды.

21. Қарыз алушының келісімі оның өтінішінсіз қалай ресімделеді? Пайыздық жүктеме ұлғайған жағдайда? Рәсімі автоматты түрде жүргізілген жағдайда, мұндай тәртіп қарыз алушы үшін тиімді болмауы мүмкін. Бұл рәсімнен қалай бас тартуға болады?

– Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 27 наурыздағы бұйрығымен бекітілген Төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде зардап шеккен халықтың, шағын және орта бизнестің қарыздары бойынша негізгі борыш пен сыйақы сомаларын төлеуді тоқтата тұру тәртібіне сәйкес кредитор «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабына сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын жеке тұлғаларға, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға және халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша жергілікті органда тіркелген жұмыссыздарға 2020 жылғы 16 наурыз – 15 маусым аралығындағы кезеңде өтінішті және растайтын құжаттарды талап етпей және банктік қарыз және (немесе) микрокредит шарттарына қосымша келісімдерге қол қоймай, қарыз алушының келісімімен төлемдерді тоқтата тұруды жүзеге асырады.

Тәртіпте кредиттік ұйымның қарыз алушыға төлемдері қол жетімді тәсілдермен тоқтата тұру туралы хабарлау міндеті айқындалды.

Бүгінгі күні кредиттік ұйымдар қарыз алушылармен қашықтықтан ақпарат алмасу үшін өздерінің интернет-ресурстарын және мобильді қосымшаларын пысықтау бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл қарыз алушыларға үйден шықпай-ақ кредиттік ұйымдарына төлем мерзімін кейінге қалдыру үшін қажетті мәліметтер ұсынуға мүмкіндік береді.

Хабарламаны жеткізген күннен бастап 10 (он) жұмыс күн ішінде қарыз алушының жауабы болмаған жағдайда, кредиттік ұйым2020 жылғы 16 наурыз – 15 маусым аралығындағы кезеңде банктік қарыз және (немесе) микрокредит шарттары бойынша негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыруды ұсынбайды.

22. № 167 бұйрықты бақылау қалай жүзеге асырылатынын түсіндіресіз бе? Оны бұзушыларға қандай жауапкершілік жүктеледі?

– Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 27 наурыздағы бұйрығымен бекітілген Төтенше жағдайды енгізу салдарынан зардап шеккен халықтың, шағын және орта бизнестің қарыздары бойынша негізгі борыш пен сыйақы сомаларын төлеуді тоқтата тұру тәртібіне (бұдан әрі – Тәртіп) сәйкес қарыз алушы өтінішті кредиторға электрондық пошта, «банк-клиент» онлайн-жүйесінің, интернет-ресурстың, мобильді қосымшаның немесе басқа да байланыс құралдарының көмегімен береді.

Бүгінгі күні кредиттік ұйымдар қарыз алушылармен қашықтықтан ақпарат алмасу үшін өздерінің интернет-ресурстарын және мобильді қосымшаларын пысықтау бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл қарыз алушыларға үйден шықпай-ақ кредиттік ұйымдарына төлем мерзімін кейінге қалдыру үшін қажетті мәліметтер ұсынуға мүмкіндік береді.

Кредиттік ұйым қарыз алушының өтінішін қарайды және 10 (он) жұмыс күні ішінде төлемдерді тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды және қарыз алушыға қол жетімді тәсілдермен хабарлайды.

Қабылданған шешім туралы қарыз алушыға хабарламаған жағдайда, қарыз алушы кредиттік ұйымға не Агенттікке жедел желідегі телефондары: +7 (727) 2788 144 және +7 (727) 2788 122 (дүйсенбі-жұма күндері сағат 9.00-ден бастап 17.00-ге дейін, сенбі – 9.00-ден бастап 15.00-ге дейін, жексенбі – демалыс) www.finreg.kz сайтының кері байланыс арқылы, Fingramota@finreg.kz. электрондық пошта арқылы қайта өтініш беруге құқылы.

Төлем мерзімін кейінге қалдыру ұсынудан негізсіз бас тартқан жағдайда қарыз алушы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне шағымдануға құқылы, оны қарау нәтижелері бойынша қаржы реттеуші өз құзыретіне сәйкес шаралар қабылдайды.

Дереккөз: coronavirus2020.kz

Поделиться:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Продаешь?
Хочешь клиенты тебя быстро нашли? 
Добавь свой бизнес в
Справочник организации Урджара

Всего за 3000 тенге
close-link