Жұма, Наурыз 29Веб-сайт для публикации новостей в Урджаре

Нақышына келтіріп оқудан бәйгеге қатыс

View this post on Instagram

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай сәуірдің 13-30 күндері аралығында поэзияға жақын оқушылар мен студенттер арасында Үржардан шыққан Үржар ауданының құрметті азаматы ақын, докторант, "Серпер" сыйлығының иегері, Мәдениет саласының үздігі, "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының жеңімпазы, ШҚО бойынша өткен "Жігіт сұлтаны" байқауының бас жүлдегері Ержан Жұмабектің "ҚАЗАҚ ДЕГЕН ҚҰДАЙДЫҢ ҚАРА ӨЛЕҢІ" және "АУЫЛЫМ-АУ" атты екі өлеңінің біреуін нақышына келтіріп оқудан бәйге жариялаймыз. Сайысқа Қазақстанның кез келген өңірінен қатысуға болады. Жарыстың шарты: 1) Осы ақпаратты әлеуметтік желілердегі өз парақшаларыңызда бөлісу. 2) Өлеңді міндетті түрде жатқа оқу. 3) Түсірілім барысында алдымен аты-жөндеріңізді, мектептеріңізді немесе университеттеріңізді толық айту. 3) Видеоңызды 87014145161 (Ватцап) нөміріне жіберу. 1,2,3 орын алған жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар беріледі және Ержан Жұмабектің мамыр айында Үржарда өтетін шығармашылық кешіне қатысуға мүмкіндік алады. ҚАЗАҚ ДЕГЕН ҚҰДАЙДЫҢ ҚАРА ӨЛЕҢІ (Ағылшынға қазақты таныстыру) Қазақ деген бір ел бар білесің бе? Һақтан жеткен қалсын бір жыр есіңде! Сенбейсің бе, білмеймін сенесің бе, Жылайсың ба, білмеймін күлесің бе?.. Күлетінің — сенбейсің ғажабына, Жылайтының — сенесің азабына. Жету үшін жүректің жұмағына, Шыдап берген жүйкенің тозағына!.. Ойланбай-ақ елі үшін отқа кірген, Бабаларым Күн заңын жатқа білген. Қара жаяу жүргенде басқалары, Алтын сауыт киініп атқа мінген! Барсакелмес оралған сапардан жүз, Екі өмірді тең көрген қатарданбыз… Тәуелсіздік қазақтың алтын тәжі, Мәңгіліктің жолында ат-арбамыз. Даламызда шалқиды ар әуені, Баламызда арманның Қарагері, Көкірегі үндескен табиғатпен, Қазақ деген Құдайдың қара өлеңі! Ержан Жұмабек АУЫЛЫМ-АУ Іздеп Асан аңсаған кереметті, Ауылымнан адамдар неге кетті?! Мен де досым екенін байқамаппын, Гүлге өлең оқыған көбелекті… Арманым ғой алысқа аттандырған, Ата-анамды сағынам шаттандырған. Жиі ойлаймын жазира даламды да, Ит жүгіртіп, құс салған, қақпан құрған. Тауларымды түсімде көп көремін, Әлі есімде тұлпарды ерттегенім. Эвересттің еркесі болатындай, Ажалсыз бір жыр жазсам деп келемін… Ауылым-ау, "сен",-десе, сезім дара,

A post shared by Үржар мәдениет (@urdzhar.madeniet) on

Loading

Бөлісу: