Ad Clicks : Ad Views :
Oh Snap!

Please turnoff your ad blocking mode for viewing your site content

img

Kaspi Gold 60 секундта: Kaspi.kz үш жаңа өнімді таныстырды

/
/
/
31 Views

Алматы. 29 қараша. 7kun.kz – Кеше Kaspi.kz жылдағы дәстүр бойынша Kaspi таныстыру шарасын өткізіп,  Михаил Ломтадзе үш жаңа өнімді ұсынды.

Оның алғашқысы – Kaspi Картомат. Енді кез-келген адам Kaspi Gold картасын ұялы қосымшада рәсімдеп, Kaspi Картоматтан 60 секундта басып шығара алады. Карта рәсімдеу кезіндегі жеке бас мәліметтерін ұялы қосымшадағы Kaspi Id арқылы, картоматты қолдану кезінде Kaspi QR растау мүмкіндігі бар. 2020 жылдан бастап бұл қызмет бүкіл Қазақстан аумағында қолжетімді болады.

Екіншісі — серіктестерге тегін таратылатын, Kaspi.kz-пен ықпалдасқан Kaspi POS өнімі сатып алу кезінде картасыз, Kaspi QR арқылы төлеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Kaspi POS қызметінің комиссиясы серіктестер үшін 1,69% төмендеді.

Үшінші – Kaspi.kz бизнеске кредит өнімін іске қосады. Серіктестер тауар айналымы, бизнесін кеңейту үшін 6 айға, кепілсіз 1 млрд теңгеге дейін қаржы алуына мүмкіндік бар. Несиені онлайн Kaspi Business қосымшасы арқылы рәсімдеуге болады.

Михаил Ломтадзенің айтуынша енді Kaspi.kz кейсін Гарвардтың бизнес мектебі екінші курстан бастап студенттерге оқыта бастамақ.

Айта кетейік, Kaspi.kz қызметін 6 млн адам, Kaspi Gold  картасын 4,5 млн адам қолданады.

Дереккөз: 7kun.kz

Больше новостей в Telegram-канале «urjar.kz». Подписывайся!

Поделитесь с друзьями:


Leave a Comment



Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This div height required for enabling the sticky sidebar

Продаешь?
Хочешь клиенты тебя быстро нашли? 
Добавь свой бизнес в
Справочник организации Урджара

Всего за 3000 тенге
close-link
Яндекс.Метрика