Бейсенбі, Сәуір 25Веб-сайт для публикации новостей в Урджаре

Month: Қазан 2020

Мақаншыда «қинау» фактісі бойынша ауыл тұрғыны полиция қолынан қаза тапты (видео)

Мақаншыда «қинау» фактісі бойынша ауыл тұрғыны полиция қолынан қаза тапты (видео)

Аудан жаңалығы, Өмір
Үржар аудандық ішкі істер бөлімінің Мақаншы өңірлік бөлімшесінде 33 жастағы жігіт қапыда қайтыс болды. Оқиға өткен аптаның жұма күні 16 қазанда болған. Әлеуметтік желі арқылы өңірлік бөлімшеден тарап кеткен бірнеше видео барысына қарасақ, ауыл тұрғынының полицейлер қолынан өлтірілгені көзге ұрып тұр. Білуімізше, қайтыс болған жігіт – Қаратұма ауылының тұрғыны. Марқұм ағасын іздеп ішкі істер бөлімшесіне келген інісі мақаншылық «қызыл жағалылардың» бірқатарынан қайғылы оқиғаға байланысты түсінік беруін сұрағанымен, мардымды жауап ала алмай тұрғаны көрінеді. Дереккөз: zhasalash.kz  
Ауданымыздың үздік оқушыларын марапаттады

Ауданымыздың үздік оқушыларын марапаттады

Білім
16 қазан күні Шығыс-Қазақстан облысы Үржар ауданында«Шығыс-Қазақстан облыстарының ауылдық орта мектептерінің жоғары сынып оқушыларына ағылшын тілін, компьютерлік және құқықтық сауаттылықты үйрету, ҰБТ-ға дайындық, ерікті түрде көмек көрсету үшін «Birgemiz: Bilim» ұлттық жобасын іске асыру аясында онлайн-лагерьге қатысқан жеңімпаздарды марапаттау шарасы өтті. Іс-шараға жоба жетекшісі Ақарова Л.Қ., мектеп директоры Акласова Ж.С., және лагерь тәлімгерлері Садуева Ақерке мен Сыркеева Сабигуль қатысты. Онлайн-лагерьге қатысушыла тек ҰБТ мен олимпиадаларға ғана дайындалумен шектелмей, солар үшін ұйымдастырылған математика және ағылшын тілі бойынша олимпиадаларға қатысты. Жоба сарапшыларының қорытындысы бойынша Үржар ауданында келесі оқушылар марапатталды: Алипаева Аяулым ноутбук иесі; З