Site icon Үржардағы #1 сайт – Urjar.kz, Үржар.КЗ

Екінші қабаттан құлаған бүлдіршін әлі ес-түссіз жатыр

Екінші қабаттан құлаған бүлдіршін әлі ес-түссіз жатыр

Талдықорған қаласындағы №19 мектеп-гимназиясында оқыс оқиға болды. Кеше мектеп жанындағы шағын орталықтың екінші қабатындағы ашық қалған терезеден 2 жастағы тәрбиеленуші құлап, ес-түссіз жағдайда облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.

 – 2 жастағы қыз бала біздің ауруханаға кеше, 15 мамыр күні сағат 12:30 «Жедел жәрдеммен» жеткізілді. Баланың жағдайы өте нашар болғандықтан бірден жансақтау бөліміне алынды. Бүлдіршіннің басына қатты зақым келген. Қазір дәрігердің бақылауымен арнайы тыныс алу аппаратында жатыр. Есін жиған жоқ, – деді сәбидің денсаулығы жайында хабар берген облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Марат Досқалиев.

Облыс полициясы оқиға бойынша тергеу жұмыстарын бастады. Алдын ала анықталғандай, бүлдіршіннің №19 мектеп-гимназиясы жанындағы шағын орталыққа келгеніне көп уақыт болмаған. Әрі баланың ата-анасы да осы білім беру мекемесінде ұстаздық етеді екен.

Алматы облысы

Дереккөз: https://egemen.kz

Больше новостей в Telegram-канале «urjar.kz». Подписывайся!

Exit mobile version