Бейсенбі, Сәуір 25Веб-сайт для публикации новостей в Урджаре

Өмір

Қазақстандықтар 1 шілдеден бастап жүргізуші куәлігін ала алмайды

Қазақстандықтар 1 шілдеден бастап жүргізуші куәлігін ала алмайды

Өмір, Сайт жаңалықтары
Қазақстанның Ішкі істер министрлігі 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап тіркеу және емтихан бөлімін жояды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. Бұл бөлімнің функциялары барлық Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) мен арнайы ХҚКО-лар қарайтын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына беріледі. Қазір арнайы ХҚКО-ларда көлікті тіркеу, құжаттарды рәсімдеу және автокөліктерге мемлекеттік нөмір алуға құжат қабылданады. Ал полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережесінен теориялық және практикалық емтихандарды қабылдайды. Сондай-ақ олар азаматтар мен көлікті іздестіру базасынан тексереді, шектеулердің бар-жоғын және құжаттардың шынайылығын анықтайды. 1 шілдеден бастап жүргізуші куәлігін алушылардан теориялық және практикалық емтихандарды ХҚКО қызметкерлер
Автокөлік несиесі арзандайды

Автокөлік несиесі арзандайды

Өмір
Ұлттық банк отандық жеңіл автокөлік өндірісінің өнімін сатып алушыларды несиелеу бағдарламасын жариялады. Елімізде 3,8 млн. көлік бар. Соңғы 10 жылда жеңіл автокөліктер паркі 49%-ға артқан. Алайда, автокөліктер қатары ескіріп барады. Өйткені, екінші деңгейлі банктердің жеке тұлғаларға автонесие беру портфелі 20,3 пайыз. Бұл – халық үшін тиімсіз.  Соған қарамастан, автокредиттердің жалпы үлесі 10,7%-ға артты. Былтыр екінші деңгейлі банктер 222,1 млрд теңгенің 92,5 мың автонесиесін берген. Енді болашақта отандық көлік аламын дегендерге Ұлттық банк мынадай жеңілдік береді. Берілетін ең жоғары несие көлемі 15 млн теңгеден аспауы керек. Несие жылдық пайыздық мөлшерлемесі 4 пайызбен 7 жылға дейін беріледі. «Бұл бағдарламаның жүзеге асуы агроөндіріс кешенімен байланыс
Қадір түні – 2019

Қадір түні – 2019

Өмір, Сайт жаңалықтары
2019 жылы мұсылман қауым асыға күтетін Рамазан айы 6 мамыр күні, дүйсенбі күні басталды. Қадір түні 31 мамырдан 1 маусымға ауған түн — Қасиетті жұмаға түсіп отыр. 4 маусым күні Ораза айт мейрамы басталады. Құрбан айт 11-13 тамыз күндеріне түсіп тұр. Дереккөз: https://sputniknews.kz

«1 секундта ақшаңыздан айырыласыз»: Kaspi Bank клиенттерін алаяқтар торуылдап жүр

Өмір
Халықаралық адам құқығын қорғау орталығының атқарушы директоры kaspi банктің тұтынушыларын алаяқтар торуылдап жүргенін айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Ол бұл туралы өзінің фейсбук парақшасына жазды.  Аида Заманбекова бірнеше күн бұрын olx арқылы жиһаз сататынын айтып, хабарландыру берген. Біраз уақыт өткеннен кейін оған жиһаз сатып алғысы келетінін айтып, бір жігіт хабарласады. Кейін жиһаздың жарты ақшасын төлеуге дайын екенін айтып, kaspi банктің клиенті екенін біліп алады. Кейін тұтқаны тастай салады. Ол 2 минуттан соң қайта хабарласып, ақшаны kaspi қосымшасы арқылы аударғысы келетінін айтады. Әлгі алаяқ сізге хабарлама арқылы код келу керектігін, сол сандарды тезірек айтуын сұрап, асықтырады. "Құдайға шүкір, мен оның алаяқ екенін бірден
Қазақстандағы түрік мейрамханалары арам ет пайдаланады

Қазақстандағы түрік мейрамханалары арам ет пайдаланады

Өмір
Мен он шақты түріктердің мейрамханасында бес-алты жылдай жұмыс істедім. Бір байқағаным, қазақтар түріктердің мейрамханасына тапсырыс беріп той, не ас жасағанда, дастарханғанға қойылған ет алыс шетелден әкелінген дәмі нашар, арам еттер. Оны мен талай уақытқа дейін байқамай жүрдім. Ал түріктердің мейрамханасына өздерінің түрігі, әзербайжан, күрдтер тапсырыс бергенде оларға қазақстанда өсірілген жаңа сойылған малдың етін қояды. Олардың тағы бір қулығы - тапсырыс берген қазақтың алдына ет қойғанда біліп қоймасын немесе шу шығармасын деп әдейі қазақстанда өсірілген дұрыс малдың етін қояды да, ал қалған қонақтарының бәріне, укол егілген (аргентинадан әкелген) етті қояды. Мен оны қалай білдім дейсіздер ме?Мен бұл тойлардың иелерін танымасам да, даяшыларға алдыртып, талай жегем. С
Такси жүргізушілері: Үкімет былшылдамасын!

Такси жүргізушілері: Үкімет былшылдамасын!

Қазақстан жаңалықтары, Өмір
Елімізде 1-сәуірден бастап такси жүргізушілері жолаушыларға түбіртек беруге міндеттелді. Мұндай бұйрықты Қаржы министрлігі бекітті. «Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерін бекіту туралы» қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы №206 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, жаңа заң жобасы 1 сәуірден бастап күшіне енді. Zhasalash.kz-тің «Жұрттың сөзі» аудиохабары бүгінгі шығарылымда осы тақырыпты сөз етеді. Тыңдай отырыңыз, жаңа заңға қатысты такси жүргізушілері не дейді? Бізде ауданда жағдай қалай екен? Авторы: Асмира Ермекқызы Дереккөз: https://zhasalash.kz