Site icon Үржардағы #1 сайт – Urjar.kz, Үржар.КЗ

Биыл Алакөл жағалауындағы жазғы лагерьлерде бала саны қысқарады

Биыл Алакөл жағалауындағы жазғы лагерьлерде бала саны қысқарады
Сурет 24.kz сайтынан алынды

Алакөл жағалауындағы жазғы лагерь биыл санитарлық талаптарды сақтай отырып ашылатын болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған жергілікті бюджеттен 23 миллион теңге бөлінген. Қызметкерлер мен педагогтар түгелдей екпе алған. Көл жағасында 640 бала демалады деп жоспарланған. Алғашқы топ осы айдың 10-ы күні келеді. Жалпы Үржар ауданы бойынша 11 мыңнан астам оқушы жазғы демалыспен қамтылмақ.

Ержан Шәкеев, аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі:

3 күн бұрын ПТР сынама тапсырады барлық балалар. Теріс нәтиже көрсеткендері келеді де, оң нәтиже көрсеткендері лагерьге қабылданбайды. Бұл көп балалы, аз қамтылған балалар болғандықтан ПТР сынама да тегін жүргізіледі. Балаларды осы лагерьге тасымалдау мектептердің автобустары арқылы жүзеге асырылады. Автобустар бүгінгі күні толық техникалық байқаудан өткізілді, барлық автобус ішінде де санитарлық талаптар сақталады.

Дереккөз: 24.kz

Exit mobile version