Site icon Үржардағы #1 сайт – Urjar.kz, Үржар.КЗ

Автокөлік несиесі арзандайды

Авто несие жылдық пайыздық мөлшерлемесі 4 пайызбен 7 жылға дейін беріледі
https://shymkenttv.kz/upload/media/video/d81ebf22b19774eacd6380f0f0df8dbb.mp4

Ұлттық банк отандық жеңіл автокөлік өндірісінің өнімін сатып алушыларды несиелеу бағдарламасын жариялады. Елімізде 3,8 млн. көлік бар. Соңғы 10 жылда жеңіл автокөліктер паркі 49%-ға артқан.

Алайда, автокөліктер қатары ескіріп барады. Өйткені, екінші деңгейлі банктердің жеке тұлғаларға автонесие беру портфелі 20,3 пайыз. Бұл – халық үшін тиімсіз.  Соған қарамастан, автокредиттердің жалпы үлесі 10,7%-ға артты. Былтыр екінші деңгейлі банктер 222,1 млрд теңгенің 92,5 мың автонесиесін берген. Енді болашақта отандық көлік аламын дегендерге Ұлттық банк мынадай жеңілдік береді. Берілетін ең жоғары несие көлемі 15 млн теңгеден аспауы керек. Несие жылдық пайыздық мөлшерлемесі 4 пайызбен 7 жылға дейін беріледі. «Бұл бағдарламаның жүзеге асуы агроөндіріс кешенімен байланысты басқа да салалардың дамуына себепші болары анық. Жаңа жұмыс орындарының ашылып, инвестициялық климатты жақсартуға септігін тигізеді», – дейді мамандар.

Дереккөз: https://shymkenttv.kz/

Мы есть в социальных сетях ВК, в Одноклассники, Фейсбук, Твиттер и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-705-261-20-24. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.

Exit mobile version