Сейсенбі, Сәуір 16Веб-сайт для публикации новостей в Урджаре

«1 секундта ақшаңыздан айырыласыз»: Kaspi Bank клиенттерін алаяқтар торуылдап жүр

Халықаралық адам құқығын қорғау орталығының атқарушы директоры kaspi банктің тұтынушыларын алаяқтар торуылдап жүргенін айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Ол бұл туралы өзінің фейсбук парақшасына жазды. 

Аида Заманбекова бірнеше күн бұрын olx арқылы жиһаз сататынын айтып, хабарландыру берген. Біраз уақыт өткеннен кейін оған жиһаз сатып алғысы келетінін айтып, бір жігіт хабарласады. Кейін жиһаздың жарты ақшасын төлеуге дайын екенін айтып, kaspi банктің клиенті екенін біліп алады. Кейін тұтқаны тастай салады. Ол 2 минуттан соң қайта хабарласып, ақшаны kaspi қосымшасы арқылы аударғысы келетінін айтады. Әлгі алаяқ сізге хабарлама арқылы код келу керектігін, сол сандарды тезірек айтуын сұрап, асықтырады.

«Құдайға шүкір, мен оның алаяқ екенін бірден түсіндім. Ол маған келген кодты біліп алып, карточкадағы ақшамды өзіне аударып алмақ болды», – деп жазған Аида Заманбекова.

Аида осыған қатысты kaspi банктің менеджеріне хабарласқан. Менеджер болса olx сайтына тіркелгендерді алаяқтар торуылдап жүргенін, тіпті ақшасынан айырылған бірнеше қарт кісілер хабарласқанын айтқан.

«Алаяқтар бірінші olx сайты арқылы сіздің нөміріңізді тауып алады. Кейін сізге хабарласып, kaspi.kz қосымшасына да бірге кіріп отырады. Кейін сіздің нөміріңізді тіркейді. Бірақ ол паролді білмегендіктен «паролді ұмыттыңыз ба?» деген тетікті басады. Содан соң сізге коды бар хабарлама келеді. Кейін «сізге тез арада кодты айтыңыз, мен сізге ақша жіберемін» дейді. Егер сіз әлгі алаяқ қатты асықтырып, байқамай сол кодты айтсаңыз, бір секундта ақшаңыздан айырылдым дей беріңіз», – деп жазды Аида Заманбекова.

Аударған: Әсел Болатқызы 

Дереккөз: https://www.qamshy.kz

Больше новостей в Telegram-канале «urjar.kz». Подписывайся!

Loading

Бөлісу: